Джеки Чан Қазақстанда "Құдайдың сауыты: Ультиматум" фильмінің түсірілімін бастады

Джеки Чан Қазақстанда "Құдайдың сауыты: Ультиматум" фильмінің түсірілімін бастады, сурет - Zakon.kz жаңалық 10.07.2026 21:22 Сурет: Kaspi.kz
Михаил Ломтадзе Джекидің Қазақстанды өз үйіндей сезінуі үшін аңызға айналған актерге Kaspi Gold табыстады.

Бүгін Алматыда Джеки Чанның қатысуымен түсірілетін "Құдайдың сауыты: Ультиматум" фильміне арналған баспасөз конференциясы өтті. Kaspi.kz картина түсірілімінің бас серіктесі болды.

Баспасөз конференциясы барысында Kaspi.kz-тің басшысы әрі тең құрылтайшысы Михаил Ломтадзе Джеки Чанға Kaspi Gold табыстады.

"Джеки Чанды Қазақстанда қарсы алып, оның жаңа фильмінің түсіріліміне қолдау көрсету біз үшін үлкен қуаныш. Бұл жоба елімізге әлемнің назарын аударып, Қазақстанды жаңа қырынан көрсетуге мүмкіндік береді. Джеки Қазақстанмен бұрыннан таныс. Бірақ біз оның еліміздің күнделікті тыныс-тіршілігін толық сезінуі үшін міндетті түрде Kaspi Gold қажет деп шештік. Ол арқылы Джеки заманауи Қазақстанның өмірімен жақынырақ танысып, түсірілім кезінде өз үйіндей жайлы сезіне алады. Осы ауқымды жобаның бір бөлігі болуға мүмкіндік бергені үшін Sәlem Entertainment пен Adal Investments компанияларына алғысымызды білдіреміз. Джеки Чанға және фильмнің бүкіл шығармашылық тобына сәтті түсірілім, зор шабыт және Қазақстаннан ұмытылмас әсер тілейміз". Kaspi.kz басшысы әрі негізін қалаушылардың бірі Михаил Ломтадзе
"Осы жерде болғаныма, Қазақстанға қайта оралғаныма өте қуаныштымын. Ең алдымен Kaspi.kz және Sәlem Entertainment-ке, режиссерге және осы жобаның жүзеге асуына аянбай еңбек сіңірген барша жандарға шын жүректен алғысымды білдіремін. Фильмнің түсірілімін бастауды асыға күтіп жүрмін. Фильм басталғанда үлкен сынақ екенін білемін, бірақ сонымен бірге бұл ерекше шабыт сыйлайтын, зор қуаныш әкелетін жұмыс. Баршаңызды жақсы көремін. Рақмет!" Актер, режиссер және продюсер Джеки Чан

"Құдайдың сауыты" – әлемнің түкпір-түкпіріндегі бірнеше буын көрерменнің сүйіспеншілігіне ие болған культтік шытырман оқиғалы франшиза. "Құдайдың сауыты: Ультиматум" жаңа фильмі Джеки Чан сомдаған әйгілі кейіпкердің хикаясын жалғастырады.

Фильмнің түсірілімі Маңғыстау және Алматы облыстарында өтуде. Бұл табиғи көркем орындарды Джеки Чан 2025 жылдың соңында Қазақстанға жасаған сапары кезінде өзі таңдаған.

Жобаның бастамашылары – Sәlem Entertainment және Adal Investments. Фильмнің тұсаукесері 2027 жылдың ақпан айына жоспарланған.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: