Шымкент әкімдігі +44°C ыстыққа байланысты тұрғындар мен кәсіпкерлерді жануарларға су беруге шақырды
Сурет: akorda.kz
Ауа температурасы шектен тыс жоғарылайтын күндері аптаптан тек адамдар ғана емес, жануарлар да зардап шегетінін естен шығармаған жөн. Осындай үндеуді 2026 жылғы 13 шілдеде Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі жасады.
Әкімдік қала тұрғындарын бейжай қалмауға шақырды.
"Егер үйіңіздің, жұмыс орныңыздың немесе демалыс аймағыңыздың маңында жануарлар болса, мүмкіндігінше оларға қауіпсіз жерге су қойып кетіңіз. Осындай қарапайым әрекет олардың аптап ыстықты жеңіл өткізуіне көмектеседі", – делінген Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметінің хабарламасында.
Сондай-ақ үндеу кафе, мейрамхана, дүкен және өзге де бизнес нысандарының иелеріне арналды.
Мамандардың айтуынша, ыстық күндері жануарлар ғимараттардың маңынан сая іздейді.
"Бұған түсіністікпен қарап, мүмкіндік болса, кіреберістің жанына су құйылған шағын ыдыс қойып қоюларыңызды сұраймыз", – деп мәлімдеді әкімдіктің баспасөз қызметі.
Айта кетейік, биліктің бұл ресми үндеуі аптап ыстықтың күшеюіне байланысты жасалып отыр.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript