Қазақстан өңірлерінде сауданы дамытудың жаңа өсу нүктелері айқындалады

Маркировка товаров, маркировка товара, штрихкод, штрихкоды, код товара, серийный номер, код проверки, сканер для маркировки, сурет - Zakon.kz жаңалық 14.07.2026 13:25 Фото: Zakon.kz
Премьер-министр Олжас Бектенов 2026 жылғы 14 шілдеде өткен Үкімет отырысында әкімдіктерге бір ай ішінде сауданы дамытудың жол карталарын әзірлеп, тауар айналымын арттырудың жаңа өсу нүктелерін айқындауды тапсырды, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Премьер-министрдің айтуынша, еліміздегі жалпы тауар айналымының 70%-дан астамы бес өңірдің үлесіне тиесілі. Олар – Астана, Алматы, Шымкент қалалары, сондай-ақ Атырау және Қарағанды облыстары.

"Әрбір облыс сауда көлемін ұлғайту үшін өзінің әлеуетін тиімді пайдалануы қажет. Бұл бағытта шекара маңындағы өңірлер мен туристік тартымдылығы жоғары аумақтардың мүмкіндігі зор. Сонымен қатар арнайы экономикалық және индустриялық аймақтардың әлеуетін пайдаланып, олардың базасында сауда, өңдеу өнеркәсібі және кәсіпкерлік саласының заманауи орталықтарын қалыптастыру қажет. Осыған байланысты өңір әкімдіктеріне бір ай мерзім ішінде нақты өсу нүктелерін, инвестициялық жобаларды және тауар айналымын ұлғайту жөніндегі нысаналы көрсеткіштерді қамтитын өңірлік сауданы дамыту жол карталарын әзірлеуді тапсырамын", – деді Олжас Бектенов.

Сондай-ақ Премьер-министр Сауда және интеграция министрлігіне аталған тапсырмалардың орындалуын үйлестіруді және бақылауды қамтамасыз етуді жүктеді.

Еске салайық, бұған дейін Олжас Бектенов іске асырылып жатқан барлық инвестициялық жобаларға жан-жақты талдау жүргізіп, олардағы проблемаларды анықтап, оларды шешу жөнінде нақты ұсыныстар әзірлеу қажеттігін айтқан болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: