Ақша туралы күтпеген шындық: Ұлттық банк банкнота айналымға шықпас бұрын қандай сынақтардан өтетінін көрсетті

Экономика Казахстана, экономика РК, инвестиции, инвестирование, графики, экономическое развитие, деньги, тенге, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.07.2026 17:00 Фото: pexels
Банкнотаны байқаусызда киіммен бірге жуып жіберсе не болады? Ал ол жаңбыр астында қалса, кірлесе немесе мыңдаған қолдан өтсе ше? Ақша жайлы осы және өзге де маңызды сұрақтардың жауабын Ұлттық банк мамандары тек айтып қоймай, көрсетіп те берді, толығырақ Zakon.kz ақпаратында.

2026 жылғы 14 шілдеде ҚР Ұлттық банк баспасөз қызметі "Банкнота қағазы мен қорғаныш элементтерін қалай жан-жақты сынақтан өткізеді" тақырыбымен видео жариялап, маңызды мәліметтермен бөлісті.

Ең алдымен мамандар әрбір банкнот айналымға шығарылмас бұрын бірнеше кезеңнен тұратын арнайы сынақтардан өтетінін атап өтті.

Соның ең маңызды кезеңдерінің бірі – банкноттың ластануға төзімділігін тексеру.

Ол үшін мамандар күнделікті қолданыста ақшада пайда болатын кір мен дақтарды имитациялайтын арнайы қоспаны пайдаланады.

Алдымен сарапшылар қағаздың негізгі қасиеттерін анықтайды. Одан кейін банкнот үлгілері нақты пайдалану жағдайларын қайталайтын арнайы құрылғыға салынады. Сынақ аяқталған соң мамандар банкноттарды қайта тексеріп, олардың қасиеттері қаншалықты өзгергенін бағалайды.

"Егер сіз банкнотты қалтаңызда ұмытып кетіп, кір жуғыш машинаға салып жіберсеңіз де, бұл біз үшін тосын жағдай емес. Мұндай сценарий сынақ бағдарламасында алдын ала қарастырылған. Сынақ кезінде банкноттар суға, жуғыш заттарға, механикалық үйкеліске және тұрмыстық жағдайда кездесетін температураларға төзімділігі бойынша тексеріледі", – деп түсіндірді Ұлттық банк.

Барлық сынақтар аяқталғаннан кейін мамандар банкноттардың физикалық қасиеттері мен қорғаныш элементтері сақталғанын қайта тексереді.

Бұдан бөлек, банкноттар беріктігіне, иілгіштігіне және тозуға төзімділігіне де арнайы сынақтан өтеді.

Ұлттық банктің айтуынша, мұндай тексерулер жаңа технологияларды енгізуге және айналым барысында ұзақ уақыт сапасын жоғалтпайтын, қорғаныс деңгейі жоғары банкноттарды шығаруға мүмкіндік береді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: