Алматыда жүгіру эстафетасына байланысты көлік қозғалысы шектеледі
Сурет: Алматы әкімдігі
Жарыстың сөресі мен мәресі – "Астана" алаңы. Эстафета бағыты Төле би, Қабанбай батыр, Панфилов көшелері және Абылай хан даңғылы арқылы өтеді.
Жарыс бағыты Төле би, Қабанбай батыр, Панфилов көшелері мен Абылай хан даңғылы арқылы өтеді. Қатысушылар Қазақстан Жазушылар одағының ғимараты, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы, "Алматы" қонақ үйі, Жамбыл Жабаев ескерткіші, Абай атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театры, сондай-ақ Темірбек Жүргенов ескерткішінің жанынан жүгіріп өтеді.
Жарысқа байланысты көлік қозғалысына мынадай уақытша шектеу енгізіледі:
- 18 шілде сағат 09:00-ден 19 шілде сағат 06:00-ге дейін – Төле би көшесінде (Панфилов көшесінен Абылай хан даңғылына дейін);
- 18 шілде сағат 20:00-ден 23:00-ге дейін – Абылай хан даңғылында (Төле би көшесінен Қабанбай батыр көшесіне дейін);
- 18 шілде сағат 20:00-ден 23:00-ге дейін – Қабанбай батыр көшесінде (Абылай хан даңғылынан Назарбаев даңғылына дейін);
- 18 шілде сағат 20:00-ден 23:00-ге дейін – Панфилов көшесінде (Қабанбай батыр көшесінен Төле би көшесіне дейін).
Жарыс бағдарламасы сағат 18:00-де балалар жарысымен басталады. Сағат 20:00-де 2 шақырымдық жүгіру, ал 21:00-де Summer Relay негізгі эстафетасы өтеді.
Ұйымдастырушылар қала тұрғындары мен қонақтарына көлік қозғалысына енгізілетін уақытша шектеуді ескеріп, бағытын алдын ала жоспарлауға кеңес берді.