Air Astana-дағы миллиардтық жымқыру: апелляция үкімді күшінде қалдырды

Авиакомпания Air Astana, Эйр Астана, самолет, самолеты , сурет - Zakon.kz жаңалық 18.07.2026 11:11 Фото: Zakon.kz/Павел Михеев
Алматы сотының қылмыстық істер жөніндегі апелляциялық алқасы "Air Astana" АҚ-да 1 миллиард теңгеден астам қаражатты жымқыру және қылмыстық кірістерді заңдастыру туралы қоғамдық резонанс тудырған іс бойынша үкімді өзгеріссіз қалдырды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы Бас көлік прокуратурасы мәлімдеді.

Қылмыстық схеманы ұйымдастырушы 9 жылға, ал оның екі сыбайласы 8 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды. Сондай-ақ сотталғандардың бәрінің мүлкі тәркіленіп, оларға 5 жыл мерзімге коммерциялық ұйымдарда лауазымды қызметтерді атқаруға тыйым салынды.

Сот жәбірленуші тараптың 1 миллиард теңгеден астам сомаға берген азаматтық талап-арызын қанағаттандырды.

"Тәркіленген мүлік келтірілген шығынды өтеуге бағытталады. Апелляциялық инстанция қорғаушы тараптың уәждерін қарап шығып, үкімді өзгеріссіз, ал шағымдарды қанағаттандырусыз қалдырды", – делінген хабарламада.

Еске салайық, 2026 жылғы қаңтарда Алматының Алмалы аудандық сотыAir Astana компаниясындағы 1 миллиард теңгеден астам қаражатты жымқыру және қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыру ісі бойынша үкім шықты.

Сот үкімімен Исанов пен Абулханов кінәлі деп танылып, оларға мүлкін тәркілей отырып, 8 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Ал Еркенұлы кінәлі деп танылып, оған мүлкін тәркілеу арқылы 9 жылға бас бостандығынан айыру жазасы белгіленді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: