Шетелдік дропперлерді Қазақстанға әкелген: 7,5 млрд теңге айналымы бар онлайн-казиноның қызметі әшкереленді

Игорные заведения, игорное заведение, азартные игры, казино, карты, ставки, онлайн ставки, онлайн-ставки, лудомания, игромания, азартная зависимость, онлайн ставки, онлайн-ставки, ставка, тотализатор, букмекеры, букмекерская контора, букмекерская фирма, игорный оператор, ставки на спорт, сурет - Zakon.kz жаңалық 20.07.2026 10:01 Фото: unsplash
Солтүстік Қазақстан облысында Қаржылық мониторинг агенттігінің (ҚМА) қызметкерлері Nomad Poker ірі онлайн-казиносының заңсыз қызметінің жолын кесті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Тергеу мәліметінше, Club GG Poker мобильді платформасы негізінде құрылған Nomad Poker онлайн-казиносының қызметін Грузия аумағында жүрген Қазақстан азаматтары үйлестіріп отырған.

Мұндай схема ұйымдастырушылардың жеке басын жасыруға, ақша ағындарын бақылауды қиындатуға және заңсыз қызметті жүргізу үшін шетел азаматтарының атына рәсімделген банк шоттары мен байланыс құралдарын пайдалануға мүмкіндік берген.

Сондай-ақ заңсыз ойын платформасы тәулік бойы жұмыс істеп, пайдаланушыларға онлайн-покер форматында ақша тігіп, ұтысты шешіп алу мүмкіндігін ұсынған.

Жаңа ойыншыларды тарту үшін ұйымдастырушылар әлеуметтік желілерді, мессенджерлерді және жарнама құралдарын пайдаланған.

"Нәтижесінде онлайн-казино қызметіне 20 мыңнан астам пайдаланушы тартылған. Бұдан бөлек, ұйымдастырушылар үшінші тұлғалардың банк шоттарын, яғни "дропперлерді" пайдаланудың тармақталған жүйесін құрған", – деп мәлімдеді ҚМА баспасөз қызметі 2026 жылғы 20 шілдеде.

Агенттік мәліметінше, осы мақсатта күдіктілер Қазақстанға шетел азаматтарының ұйымдасқан түрде келуін қамтамасыз етіп, олардың атына банк карталары мен мобильді банкингті 400 АҚШ долларына дейінгі сыйақыға рәсімдеген.

Тергеу барысында онлайн-казино қызметін қамтамасыз ету үшін 60-тан астам дроп-шот пайдаланылғаны анықталды.

"Ойыншылардан түскен қаражат көлемі 7,5 млрд теңгеден асты", – деп хабарлады ҚМА баспасөз қызметі.

Соттың санкциясымен Алматы қаласындағы пәтерге, үш автокөлікке, сондай-ақ дропперлердің банк шоттарындағы 158 млн теңгеге тыйым салынды.

Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр.

Еске салайық, шілде айының басында екі әйелдің банктен 620 млн теңгеден астам қаражатты жымқырып, оны казинода ұтылып қалғаны хабарланған болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: