Тұрғын үй мен сақтандыру: өңірлерге автоөнеркәсіп мамандары қалай тартылып жатыр

СЭЗ, специальная экономическая зона, свободная экономическая зона, производство, завод, заводы, сурет - Zakon.kz жаңалық 21.07.2026 11:18 Фото: akorda.kz
Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев 2026 жылғы 21 шілдеде өткен Үкімет отырысында автоөнеркәсіп саласының кадрлық әлеуетін дамыту үшін қабылданып жатқан шаралар туралы айтты, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Оның айтуынша, саланың одан әрі дамуы инженерлік әлеует пен білікті мамандарға тікелей байланысты.

"Осы мақсатта кәсіпорындар инженерлік құзыреттерді дамытуға, кадрлық резерв қалыптастыруға және жаңа буын мамандарын даярлауға жүйелі түрде инвестиция салып келеді. Бұл жұмыс жоғары оқу орындары және колледждермен бірлесіп, дуальды оқыту бағдарламалары аясында жүргізілуде. Сонымен қатар өңірлерге мамандар тарту үшін қолайлы еңбек жағдайы жасалып, әлеуметтік қолдау шаралары көрсетілуде. Атап айтқанда, корпоративтік кампустар мен жатақханалар салынуда, сондай-ақ жұмысшы мамандықтарының өкілдеріне арналған "Наурыз жұмыскер" тұрғын үй бағдарламасы іске асырылып жатыр", – деді Ерсайын Нағаспаев.

Сондай-ақ кәсіпорындар қызметкерлерге арналған әлеуметтік пакетті кеңейтіп келеді. Оның аясында медициналық сақтандыру, тамақтандыру, қызметтік көлікпен қамтамасыз ету және өзге де әлеуметтік қолдау шаралары қарастырылған.

"Қазіргі таңда салада 10 мыңнан астам адам еңбек етеді", – деп толықтырды министр.

Қазақстанда жүк көліктерінің өндірісі туралы толығырақ материалдан оқи аласыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: