Ескерту жасаған ер адамға екі рет оқ атқан: Астанадағы түнгі клубтағы жанжал немен аяқталды

Полицейские, сотрудники полиции, полиция, оружие, пистолет полицейского, задержание, наручники, сурет - Zakon.kz жаңалық 21.07.2026 12:52 Фото: Zakon.kz/Павел Михеев
Астанада сот елордадағы түнгі ойын-сауық орындарының бірінде болған қарулы бұзақылық ісі бойынша үкім шығарды. Жергілікті тұрғын бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сотта айыпталушы өз кінәсін толық мойындады.

"Сот үкімімен сотталушы газ қаруын қолдана отырып жасалған бұзақылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, 4 жыл 8 ай мерзімге бас бостандығынан айырылды". Астана қаласының прокуратурасы

Соттың анықтауынша, сотталған азамат спирттік ішімдік ішіп, күлдіргіш газ толтырылған шарларды пайдаланғаннан кейін түнгі клубқа келушілерге тиісіп, олардың тыныштығын бұзған.

Осы кезде клуб қонақтарының бірі оған ескерту жасап, мұндай әрекетінің себебін сұрамақ болған.

"Бұған жауап ретінде сотталған қоғамдық тәртіпті сақтауға ниет білдірместен, ойын-сауық мекемесінің ішінде өзімен бірге алып жүрген газ тапаншасын шығарып, жәбірленушінің кеуде тұсына екі рет оқ атқан. Соның салдарынан жәбірленуші дене жарақатын алды. Осыдан кейін күдікті оқиға орнынан қашып кеткен". Астана қаласының прокуратурасы

Елорда прокуратурасы азаматтарды қоғамдық орындарда тәртіп сақтауға шақырып, заңға қайшы әрекеттер үшін жауапкершілік көзделгенін еске салды.

Еске салайық, бұған дейін Ақмола облысында 14 жастағы қызды аса қатыгездікпен өлтірген адамға үкім шыққан болатын. Отбасының танысы болып шыққан сотталушы "Зорлау", "Сталкинг" және "Адам өлтіру" баптары бойынша кінәлі деп танылып, өмір бойына бас бостандығынан айырылды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: