Алматыда арық желісіндегі ақауы анықталған учаскелерді қалпына келтіру жұмыстары жалғасуда

Арык, арыки, арычная система, сурет - Zakon.kz жаңалық 21.07.2026 14:23 Фото: Zakon.kz
Алматыда жүргізілген мониторинг нәтижесінде анықталған арық желісінің 124 проблемалы учаскесінің 80-інде жөндеу жұмыстары толық аяқталды. Бұл туралы Алматының Коммуналдық инфрақұрылымды дамыту және тұрғын үй инспекциясы басқармасының өкілдері айтты.

Басқарма мәліметінше, қазіргі таңда 28 учаскеде құрылыс-монтаж жұмыстары жалғасып жатыр. Ал қалған 16 учаскеде қажетті жұмыстарды жүргізу жоспарланған.

Алматы әкімі Дархан Сатыбалдының тапсырмасына сәйкес, арық желісінің жай-күйіне тұрақты түрде мониторинг жүргізіледі. Биыл қала аумағында барлығы 124 ақауы бар учаске анықталған.

Алматыдағы арық желісінің жалпы ұзындығы 1525 шақырым. Оның 1259,4 шақырымы көше-жол желісі бойымен өтсе, 265,6 шақырымы жасыл аймақтар мен тұрғын үй аулаларына тиесілі. Арықтарды тазарту жұмыстары күн сайын жүргізіледі, әсіресе су басу қаупі жоғары аумақтар басты назарда.

Нөсер жауынның салдарын барынша азайту мақсатында қала қызметі күн сайын "Қазгидромет" РМК ұсынатын ауа райы болжамын негізге алады. Бұл коммуналдық қызметкерлер мен арнайы техниканы қауіп төнуі мүмкін учаскелерге алдын ала жұмылдыруға мүмкіндік береді.

Қажет болған жағдайда Төтенше жағдайлар департаментінің мотопомпалары мен Жұмылдыру дайындығы басқармасының Құтқару қызметінің техникасы іске қосылады.

"Арық желісін тазалау, жөндеу және жаңғырту жұмыстары жалғасады. Қабылданып жатқан шаралар су бұру жүйесінің өткізу қабілетін арттырып, қала аумағын су басу қаупін едәуір төмендетуге мүмкіндік береді", – деді Алматы қаласының Коммуналдық инфрақұрылымды дамыту және тұрғын үй инспекциясы басқармасының өкілдері.
Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: