Ақтөбе мен Атырауда қолайсыз метеорологиялық жағдай күтіледі

Смог, загрязнение воздуха, выхлопы, пелена, дымка, смог в Алматы, загрязнение воздуха в Алматы, грязный воздух в Алматы, сурет - Zakon.kz жаңалық 22.07.2026 09:22 Фото: Zakon.kz/Павел Михеев
22 шілдеде Қазақстанның екі ірі қаласында қолайсыз метеорологиялық жағдай (ҚМЖ) күтіледі, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы "Қазгидромет" РМК жариялаған ескертуде айтылған.

"2026 жылғы 22 шілдеде Ақтөбе қаласында, түнде Атырау қаласында қолайсыз метеорологиялық жағдай күтіледі", – делінген хабарламада.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай (ҚМЖ) – ауа райының қысқа мерзімді факторларының (желсіздік, әлсіз жел, тұман, инверсия) жиынтығы. Мұндай кезде атмосфераның жерге жақын қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына қолайлы жағдай қалыптасады.

ҚМЖ кезінде тұрғындарға, әсіресе автожолдар мен өзге де ластану көздерінің маңында, ашық ауада ұзақ уақыт болмауға кеңес беріледі. Ал өкпе, жүрек-қан тамырлары және аллергиялық аурулары бар адамдар сыртқа шыққанда өздеріне қажетті дәрі-дәрмектерін бірге алып жүргені жөн.

Бұған дейін синоптиктер 2026 жылғы 22 шілдеге еліміздің бірқатар өңірінде дауылды ескерту жариялаған болатын. Онда аптап ыстық, найзағайлы жаңбыр, бұршақ және екпінді жел күтілетіні хабарланған.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: