Алматы полициясы электросамокат иелеріне маңызды ескерту жасады

Самокат, самокаты, самокатчики, электросамокаты, электрический самокат, электрические самокаты, сурет - Zakon.kz жаңалық 22.07.2026 09:47 Фото: freepik
Алматы қаласының Полиция департаменті электросамокат пайдаланушыларына маңызды ескерту жасап, бір самокатпен тек бір адамның жүруі тиіс екенін еске салды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Полиция тұрғындар мен қала қонақтарын электросамокаттарды пайдалану қағидаларын сақтауға және жол-көлік оқиғасына әкелуі мүмкін қауіпті әрекеттерге жол бермеуге шақырды.

Алматы қаласы ПД Әкімшілік полиция басқармасының бастығы Әбдінұр Тасыбаевтың айтуынша, соңғы уақытта бір электросамокатқа екі немесе тіпті үш адамның мінуі, сондай-ақ көлемді жүктерді тасымалдау жағдайлары жиілеген.

"Электросамокат тек бір адамға арналған. Қосымша жолаушының болуы немесе көлемді жүкті тасымалдау көлік құралының тепе-теңдігін бұзып, оны басқаруды қиындатады әрі құлау мен жол-көлік оқиғасының қаупін едәуір арттырады. Барлық пайдаланушыларды қауіпсіздік талаптарына жауапкершілікпен қарап, Жол қозғалысы қағидаларын қатаң сақтауға шақырамыз. Бұл – жүргізушінің де, жол қозғалысының өзге қатысушыларының да өмірі мен денсаулығына тікелей қатысты мәселе", – деді Әбдінұр Тасыбаев.

Полицияда Жол қозғалысы қағидаларын бұзу Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жауапкершілікке әкеп соғатыны еске салынды.

Сондай-ақ тәртіп сақшылары жеке мобильділік құралдарын пайдаланушыларды жолда тәртіп сақтап, өзара құрмет көрсетуге шақырды.

Еске салайық, бұған дейін 2026 жылғы 25 тамыздан бастап Қазақстанда Жол қозғалысы қағидаларына енгізілетін өзгерістер туралы хабарланған болатын. Жаңа талаптар электросамокаттар мен қозғалтқышы бар велосипедтерге де қатысты болады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: