Шымкентте Нұрай Серікбайдың соты неге кейінге қалды
Фото: Zakon.kz/Максим Золотухин
Шымкентте Нұрай Серікбайдың соты бастала салып, кейінге қалды. Себебі қамауда отырған сотталушы тұмауратып қалған, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Алматы ТВ" телеарнасының дерегінше, осы себепті судья қылмыстық істі қарауды кейінге қалдырды. Алайда алғашқы процессте қос тарап өз ұстанымдарын айтып үлгерді. Мәселен сотталушының адвокаты қылмыстық істі алқабилердің қатысуынсыз қарауды сұрады. Ал жәбірленушілер сот процесін барынша ашық өткізуді және тікелей эфирде көрсетуді талап етті.
"Сотталушының 4 адвокаты бар екен. Өзара келіскен қорғау позициясы болуы мүмкін. Мен ол туралы қандай да бір пікір айтудан аулақпын. Толық ойымды анықтамамен танысып, қолыма алып болғаннан кейін ғана айта аламын", – деді жәбірленуші тараптың адвокаты Аянхан Омаров.
Еске сала кетейік, қанды қылмыс 11 қаңтар күні болған. Кешқұрым Шымкенттің қақ ортасында 21 жастағы Нұрай Серікбайды танысы пышақтап, оқиға орнынан қашып кеткен еді. Күдікті арада екі күн өткенде ұсталған. Ал келесі сот отырысы 23 шілдеде болады.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript