"Найзағай ойнап, жаңбыр жауады". Еліміз бойынша 23 шілдеге арналған ауа райы болжамы
Сурет: unsplash
Синоптиктер Қазақстан аймақтарында 2026 жылғы 23 шілдеде орын алуы ықтимал қауіпті метеорологиялық құбылыстарға қатысты болжаммен бөлісті, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Қазгидромет" РМК мәліметінше, солтүстік-батыс циклонына және жылжыған атмосфералық фронталды бөліктерге байланысты республикамыздың басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады, негізінен, найзағай ойнап, жаңбыр жауады деп күтіледі.
"Еліміздің солтүстігінде, шығысында, орталығында, оңтүстік пен оңтүстік-шығыстың таулы аудандарында нөсер жаңбыр жауады. Республика бойынша белең алатын ортақ табиғи құбылысқа желдің күшеюі жатқызылады, сондай-ақ бірқатар өңірде бұршақ түсіп, дауыл тұрады, оңтүстікте шаңды дауыл тұрады деп болжанады. Түнде және таңертең еліміздің солтүстігінде, солтүстік-батысында тұман болады деп күтіледі", делінген ауа райы болжамында.
Болжамға сәйкес, бірқатар өңірде аптап ыстық сақталады:
- күндіз Батыс Қазақстан, Атырау облыстарында, Ақтөбе облысының батысында, оңтүстігінде 35-39 градус,
- Маңғыстау облысында 38-40 градус қатты ыстық болады деп күтіледі.
Сондай-ақ ел өңірлерінде жоғары және төтенше өрт қауіптері күтіледі:
- жоғары өрт қаупі - Алматы, Қарағанды, Атырау, Абай облыстарында, Ұлытау, Жамбыл облыстарының шығысында, Маңғыстау облысының солтүстігінде, орталығында, Батыс Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде, Ақтөбе облысының батысында, шығысында, Қостанай облысының батысында, шығысында, орталығында, Ақмола облысының батысында, Павлодар облысының оңтүстігінде, орталығында, Шығыс Қазақстан облысының оңтүстігінде.
- төтенше өрт қаупі - Қызылорда, Түркістан, Жамбыл облыстарында, Жетісу облысының солтүстік жартысында, Ұлытау облысының оңтүстігінде, шығысында, Абай облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында, Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде, Алматы облысының солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде, орталығында, Шығыс Қазақстан облысының орталығында, Қостанай облысының оңтүстігінде, Ақтөбе облысының оңтүстік-шығысында, Атырау облысының солтүстік-батысында, Маңғыстау облысының солтүстік-шығысында.
Бұған дейін "Қазгидромет" РМК синоптиктері 2026 жылғы 23-25 шілдеге арналған Астана, Алматы және Шымкент қалалары бойынша ауа райы болжамын жариялаған болатын.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript