Қазақстанда 16 мыңнан астам адам қайтыс болғаннан кейінгі донорлыққа келісім берген

Больница, медицинское учреждение, медучреждение, врачи, доктора, операция, операционная, медицинские инструменты, сурет - Zakon.kz жаңалық 23.07.2026 16:59 Фото: pexels
ҚР ДСМ қарасты Трансплантация және жоғары технологиялық медициналық қызметтерді үйлестіру жөніндегі республикалық орталықтың директоры Айдар Сейітқазинов қайтыс болғаннан кейінгі донорлыққа келісім берген қазақстандықтардың саны туралы мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Оның айтуынша, әрбір азамат eGov порталы арқылы қайтыс болғаннан кейінгі донорлыққа қатысты өз таңдауын тіркей алады.

"Бүгінгі таңда 172 мыңнан астам азамат өз еркін білдірген. Оның ішінде 16 109 адам қайтыс болғаннан кейінгі донорлыққа келісім берсе, 156 174 азамат одан бас тартқан", – деді Айдар Сейітқазинов 2026 жылғы 23 шілдеде Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

Спикер азаматтардың бұл мәселеге қатысты ерік білдіру құқығы заңмен толық қорғалатынын атап өтті.

Егер азамат көзі тірісінде қайтыс болғаннан кейінгі донорлықтан бас тартса, оның туыстары келісім берген жағдайда да ағзаны алу рәсімі жүргізілмейді.

Бұған дейін Қазақстанда ағза трансплантациясына мұқтаж науқастар саны жыл сайын артып келе жатқаны хабарланған болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: