Атырауда қайталап тәртіп бұзған ер адам қамалды

Задержание, арест, наручники, задержанный, арестованный, преступник, сурет - Zakon.kz жаңалық 24.07.2026 09:14 Фото: pexels
Атырау облысының Құлсары қаласында қайталап ұсақ бұзақылық жасаған ер адам 29 тәулікке қамаққа алынды. Ол қоғамдық орынды ластап, өтіп бара жатқан адамдарды балағаттаған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сотта анықталғандай, құқық бұзушы Құлсары қаласында қоғамдық орында көшеде тамақ қалдықтарын тастап, азаматшаны балағаттап, былапыт сөздер айтып, айналасындағыларға құрметсіздік танытқан.

Белгілі болғандай, аталған әрекет әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған.

"Сотпен азамат ӘҚБтК-нің 434-бабының 2-бөлігімен кінәлі деп танылып, жасалған құқық бұзушылықтың сипаты мен қоғамдық қауіптілік дәрежесі, іс бойынша анықталған мән-жайлар және қолданыстағы заң талаптары ескеріле отырып, оған 29 тәулік мерзімге әкімшілік қамаққа алу түріндегі әкімшілік жаза тағайындалды".Атырау облысы Жылыой аудандық соты

Бұған дейін Маңғыстауда өз балаларына миллиондаған теңге қарызы бар әке сотталғанын жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: