Елордада полиция көлік фараларын ұрлау дерегін ашты
Фото: Zakon.kz
Автокөлік бөлшектері дүкенінің бұрынғы қызметкері қоймадан қымбат фараларды ұрлады деген күдікке ілінді.
Тергеу мәліметінше, ер адам дүкеннің қазіргі қызметкерлерімен алдын ала сөз байласқан. Ол қызметтік ақпаратты пайдаланып, жалған тапсырыс ұйымдастырған, содан кейін қоймадан қымбат автокөлікке арналған төрт фараны еш кедергісіз алып шыққан.
Ұрланған мүліктің жалпы құны бір миллион теңгеден асқан. Тауардың жетіспеушілігін анықтаған дүкен иесі полицияға жүгінген.
Полицейлер бейнебақылау камераларының жазбаларын зерделеу барысында қылмысқа қатысы бар барлық тұлғаны анықтады.
Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта күдіктілердің осыған ұқсас басқа да қылмысқа қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript