Шахматтан спорттық разряд алып беремін деген уәдеге қазақстандық 2 млн теңгеге жуық ақша берген

Шахматы, шахматист, шахматисты, шахматный турнир, шахматные фигуры , сурет - Zakon.kz жаңалық 30.07.2026 12:24 Фото: Zakon.kz/Оксана Даирова
Астанада полиция қызметкерлері шахматтан спорттық разряд алуға көмектесемін деген желеумен алаяқтық жасады деген күдікке ілінген ер адамды ұстады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Тергеу нұсқасы бойынша, 42 жастағы ер адам жәбірленушімен ортақ танысы арқылы танысып, оған спорттық разряд рәсімдеуге көмектесуге уәде берген. Ол өз "қызметі" үшін 1,5 млн теңге сұраған.

Біраз уақыттан кейін күдікті мәселе шешіліп жатқанын айтып, құжаттарды рәсімдеуді аяқтау үшін тағы 300 мың теңге талап еткен.

Жалпы сомасы 1,8 млн теңге алған ер адам жәбірленушіні жұмыс жүріп жатыр деп сендіруін жалғастырған. Кейін онымен байланысқа шықпай қойған.

Жедел іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері күдіктінің жеке басын анықтады. Ол басқа қалада ұсталып, Астанаға жеткізілді.

Қазір алаяқтық дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Құқық қорғау органдары болған оқиғаның барлық мән-жайын анықтап жатыр.

Астана қаласының Полиция департаменті азаматтарды жеке байланыстары арқылы қандай да бір мәселені шешіп беруге уәде ететін немесе ақшаға құжаттар, атақтар және басқа да қызметтерді алуға кепілдік беретін адамдарға сенбеуге шақырды.

Бұған дейін аса ірі көлемдегі алаяқтық ісі бойынша іздеуде жүрген 37 жастағы Қарағанды тұрғынының бет-әлпетті тану функциясы бар бейнебақылау жүйесінің көмегімен Алматыда ұсталғаны хабарланған еді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: