Жетісу облысында құны 229 млн теңге болатын жер мемлекетке қайтарылды
Фото: pexels
Көксу ауданының прокуратурасы қадағалау қызметі барысында 200 гектар құнарлы жерді мемлекет меншігіне қайтарды. Ұзақ уақыт бойы игерілмей жатқан жер телімдерінің кадастрлық құны 229 млн теңгеден асады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Аудан прокурорлары ауыл шаруашылығы мақсатындағы тағы 7 мың гектардан астам игерілмей жатқан жерді анықтады. Оларды мәжбүрлеп алып қою және мемлекеттік жер қорына қайтару үшін прокуратура тиісті акт енгізді.
"Қайтарылған жер телімдерінің барлығы конкурс негізінде бөлінеді. Бұл жергілікті тұрғындар мен адал кәсіпкерлерге мал және өсімдік шаруашылығын дамытуға, сондай-ақ Көксу ауданының экономикасын нығайтуға қажетті жер ресурстарына қол жеткізуге мүмкіндік береді", – делінген Жетісу облысы прокуратурасының хабарламасында.
Прокуратура жер ресурстарын пайдалану және оларды бөлудің ашықтығын қамтамасыз ету мәселесі бақылауда екенін мәлімдеді.
Бұған дейін Алматы прокуратурасы қала орталығында орналасқан теміржол ауруханасының ғимараты мен екі жер телімін мемлекет меншігіне қайтарғаны хабарланған еді. Қайтарылған мүліктің жалпы құны 2 млрд теңгеден асады.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript