Тоқаевтың ағылшын тілінде жетік сөйлеуіне таңдай қаққан әжей желінің жұлдызына айналды

Тоқаевтың ағылшын тілінде жетік сөйлеуіне таңдай қаққан әжей желінің жұлдызына айналды, сурет - Zakon.kz жаңалық 30.07.2026 14:54 Сурет: akorda.kz
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың қызметін тұрақты жариялап жүрген журналист Әділ Балтабаев "Болашақ ойындары – 2026" халықаралық турнирінің ашылу салтанатында болған әсерлі сәттердің бірін видеоға түсіріп алды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Кадрда мемлекет басшысы салтанатты рәсім барысында ағылшын тілінде сөз сөйлеп тұрған сәт бейнеленген. Сондай-ақ, залда отырған көрермендердің бірі – егде жастағы әжей президенттің сөзін ерекше ықыласпен тыңдап, таңданысы мен мақтанышын жасыра алмай отырғаны анық көрінеді.

Бұл әсерлі видео әлеуметтік желі қолданушыларының көңілінен шығып, көпшілік әжейдің шынайы эмоциясына сүйсінді. Олар пікірлерінде:

  • "Керемет апашка!"
  • "Кеудесін мақтаныш кернеп тұрғаны анық!"
  • "Осындай әсерлі, шынайы сәттерді түсіріп жүргеніңізге рақмет!"
  • "Тамаша кадр ұстапсыз!"
  • "Әжей өте әдемі екен!"

Еске салайық, 2026 жылғы 29 шілде мен 9 тамыз аралығында Астанада ауқымды халықаралық "Болашақ ойындары – 2026" спорттық турнирі өтіп жатыр.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: