Алматыда Көріктендіру қағидаларының сақталуына бақылау күшейтілді

Алматы, весна в Алматы, виды Алматы, город Алматы, виды города Алматы, пейзаж Алматы, Алматинский пейзаж, панорама Алматы, сурет - Zakon.kz жаңалық 30.07.2026 14:47 Фото: Zakon.kz/Максим Золотухин
Алматыда қаланың Көріктендіру қағидаларының сақталуын бақылау жұмыстары жалғасуда. Жыл басынан бері заңды тұлғалар 8 972 көріктендіру төлқұжатын рәсімдеп, жоспарлы көрсеткіштен асып түсті.

Бұл туралы қалалық Коммуналдық инфрақұрылым және тұрғын үй инспекциясы басқармасының өкілдері айтты.

Көріктендіру төлқұжаты – меншік иесі немесе пайдаланушының өзіне тиесілі нысанға іргелес аумақты күтіп ұстауға жауапты екенін растайтын құжат.

Биылғы жылдың алғашқы жартыжылдығында басқарма мамандары 5 мыңға жуық ауызша ескерту жасап, Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 505-бабы бойынша 9 679 әкімшілік материал рәсімдеді. Салынған айыппұлдардың жалпы сомасы 111,9 млн теңге болды.

Қала әкімінің тапсырмасымен көріктендіру төлқұжатын рәсімдеу науқаны қайта жанданғаннан кейін қосымша 672 паспорт берілді. Осы кезеңде 547 әкімшілік материал рәсімделіп, салынған айыппұлдардың жалпы сомасы 12,7 млн теңгеден асты.

Басқарма өкілдерінің айтуынша, бұл шаралар нысан иелерінің жауапкершілігін арттырып, қала аумағында тазалық пен тәртіпті сақтауға бағытталған.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: