Қағып, қашып кетті: полиция 12 жастағы қыздың жақ сүйегін сындырған курьерді іздеп жатыр
Фото: pexels
Ақтөбеде жоғары жылдамдықпен келе жатқан велосипед мінген курьер 12 жастағы қызды қағып кетті. Салдарынан оқушының бет сүйегі мен үстіңгі жақ сүйегі сынған, деп хабарлайды Zakon.kz.
Оқиға туралы ақпарат әлеуметтік желілерде тарады. Зардап шеккен қыздың анасы кінәлінің әлі бостандықта жүргенін айтты.
Zakon.kz тілшісі түсініктеме алу үшін Ақтөбе облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне жүгінді. Тәртіп сақшылары курьерді іздеу жұмыстары жүргізіліп жатқанын мәлімдеді.
"Велосипед мінген курьер мен кәмелетке толмаған баланың қатысуымен болған оқиғаға байланысты полиция курьердің жеке басын анықтауға бағытталған жедел іздестіру іс-шараларын жүргізіп жатыр", – деп хабарлады Ақтөбе облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Қазіргі уақытта оқиға болған аумақтағы бейнебақылау камераларының жазбалары зерттеліп жатқаны белгілі болды.
"Құқық бұзушының жеке басы анықталғаннан кейін Қазақстанның қолданыстағы заңнамасына сәйкес шаралар қабылданады", – делінген ведомство хабарламасында.
2026 жылғы 30 шілдеде Алматыда электрлі самокаттарды тұраққа қоюдың жаңа ережелері енгізілетіні хабарланған еді. Бұл өзгерістің жол қозғалысы ережелерін бұзу жағдайларына қаншалықты әсер ететінін уақыт көрсетеді.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript