Синоптиктер Алматыда ыстықтың беті қашан қайтатынын айтты. Бір аптаға арналған ауа райы болжамы

Алматы, ауа райы болжамы, 1 тамыз, 2 тамыз, 3 тамыз, 4 тамыз, 5 тамыз, 6 тамыз, 7 тамыз, сурет - Zakon.kz жаңалық 31.07.2026 18:26 Сурет: Zakon.kz/Павел Михеев
Алматыда жаздың соңғы айы экстремалды аптап ыстықпен басталды, бірақ келесі аптаның басында-ақ ауа райы күрт өзгереді. Қалада күн күркіреп, жаңбыр жауады, дауыл соғады, осылайша көптен күткен салқын күндер келеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Қазгидромет" РМК-ның Алматы қаласы мен Алматы облысы бойынша филиалының жетекші инженер-синоптигі Баян Қанаеваның айтуынша, алдағы үш күнде мегаполисте құрғақ әрі өте ыстық ауа райы сақталады. Күндіз сынап бағаны +35...+39 градусты көрсетеді.

Дегенмен, 3 тамызда кешке қарай ауа райы өзгере бастайды. Синоптиктің айтуынша, 4-7 тамыз аралығында Алматыда қысқа мерзімді жаңбыр жауып, күн күркірейді деп күтіледі, найзағай кезіндегі соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды.

"Жауын-шашын ауа температурасын төмендетуге ықпал етеді. Егер демалыс күндері қалада 39 градусқа дейін ыстық болатыны болжанса, сейсенбіден бастап күндізгі температура +29...+31 градусқа дейін төмендейді", - деді синоптик.

Алматы қаласы бойынша 2026 жылғы 1-7 тамыз аралығына арналған ауа райы болжамы:

  • 1 тамыз: аспан бұлтты, күн райы жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні - 3-8 м/с. Ауа температурасы түнде: +20...+22°С, күндіз: +35...+37°С.
  • 2 тамыз: аспан бұлтты, күн райы жауын-шашынсыз. Оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні - 3-8 м/с. Ауа температурасы түнде: +21...+23°С, күндіз: +37...+39°С.
  • 3 тамыз: аспан бұлтты, күн райы жауын-шашынсыз. Оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні - 3-8 м/с, кешке қарай - 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде: +23...+25°С, күндіз: +36...+38°С.
  • 4 тамыз: аспан бұлтты, аздап жаңбыр жауады, найзағай ойнайды, кей жерлерде дауыл соғады. Оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 3-8 м/с, кей тұстарда 15-20 м/с дейін жетеді. Ауа температурасы түнде: +23...+25°С, күндіз: +31...+33°С.
  • 5 тамыз: аспан бұлтты, аздап жаңбыр жауады, найзағай ойнайды, күндіз бұршақ түсіп, дауыл соғуы мүмкін. Солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 3-8 м/с, кей тұстарда 15-20 м/с дейін жетеді. Ауа температурасы түнде: +19...+21°С, күндіз: +29...+31°С.
  • 6-7 тамыз: аспан бұлтты, аздап жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Батыстан соққан желдің екпіні - 3-8 м/с, кей тұста 13 м/с дейін жетеді. Ауа температурасы түнде: +18...+20°С, күндіз: +30...+32°С.

Бұған дейін "Қазгидромет" РМК синоптиктері Алматы, Астана және Шымкент қалалары бойынша жаздың соңғы айының алғашқы үш күніне арналған ауа райы болжамын ұсынған болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: