Тауға шығып, орала алмаған жасөспірімдер Турист шыңы маңынан табылды
Сурет: видео скрині
2 тамызда Алматыда Төтенше жағдайлар министрлігінің құтқарушылары тауға өз бетінше шығып, орала алмаған екі жасөспірімді тауып, қауіпсіз жерге жеткізді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Жоғалғандар туралы хабар түскеннен кейін Алматы қалалық ТЖД Құтқару қызметінің мамандары дереу іздестіру-құтқару жұмыстарына кірісті. Олар таулы аймақтың ерекшеліктерін ескере отырып, жасөспірімдер жүруі мүмкін бағыттарды тексерді.
Іздестіру нәтижесінде жасөспірімдер Қарасай ауданындағы Турист шыңы маңынан табылды. Олардың жағдайы қанағаттанарлық деп бағаланды, медициналық көмек қажет болған жоқ.
ТЖМ тауға шығар алдында қауіпсіздік ережелерін сақтауды еске салды. Атап айтқанда, маршрутты алдын ала жоспарлау, жақындарыңызға қайда баратыныңызды және қашан оралатыныңызды хабарлау, өзіңізбен бірге толық қуатталған ұялы телефон алып жүру және ауа райы болжамын ескеру қажет.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript