+42 градус ыстық пен нөсер жаңбыр: синоптиктер дүйсенбідегі ауа райы болжамын ұсынды
Фото: unsplash
Дүйсенбі күні синоптииктердің болжамынша, еліміздің басым бөлігінде найзағай ойнап, жаңбыр жауады. Солтүстік-батыс пен солтүстік өңірлерде нөсер жаңбыр жауып, кей жерлерде бұршақ түсуі мүмкін.
Елдің батысы мен оңтүстігінде күн жауын-шашынсыз.
Сондай-ақ республика аумағында жел күшейеді. Оңтүстік және оңтүстік-батыс өңірлерде шаңды дауыл соғуы ықтимал.
Алматы облысының оңтүстігі мен Абай облысында ауа температурасы +40...+42 градусқа дейін көтеріліп, қатты ыстық болады.
Атырау, Алматы, Павлодар және Шығыс Қазақстан облыстарында, сондай-ақ Жетісу, Абай облыстарында және Ұлытау облысының оңтүстігінде +35...+39 градус ыстық болжанады. Жамбыл облысында ауа температурасы +38 градусқа дейін, Түркістан облысында +40 градусқа дейін көтеріледі.
Батыс Қазақстан облысы мен Ұлытау облысында, сондай-ақ Ақтөбе, Жамбыл, Алматы, Маңғыстау, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Павлодар, Түркістан, Қарағанды облыстарының жекелеген аудандарында, Абай және Жетісу облыстарында жоғары өрт қаупі сақталады.
Атырау, Ақтөбе, Қызылорда, Жамбыл және Түркістан облыстарында, сондай-ақ Батыс Қазақстан, Маңғыстау, Қостанай, Ақмола, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Алматы облыстарының және Ұлытау, Абай, Жетісу облыстарының жекелеген аудандарында төтенше өрт қаупі жарияланды.