️Қазақстан құрамасы Лингвистикадан халықаралық олимпиадада тарихи нәтиже көрсетті
Сурет: Оқу-ағарту министрлігі
2026 жылғы 26 шілде мен 2 тамыз аралығында Румынияның Бухарест қаласында Лингвистикадан халықаралық олимпиада (IOL) өтті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қазақстан құрамасының төрт мүшесі де жоғары нәтиже көрсетіп, бір қола медаль мен үш Құрмет грамотасын иеленді.
Қола медаль иегері:
Шыңғыс Қарасаев — Орал қаласындағы жаратылыстану-математика бағытындағы NIS-тің 12-сынып оқушысы.
Құрмет грамотасының иегерлері:
- Рамазан Бутантаев — Маңғыстау облысы Ақтау қаласы бойынша білім бөліміне қарасты Мамандандырылған IT лицейінің 11-сынып оқушысы;
- Аслан Әжібаев — Павлодар қаласындағы жаратылыстану-математика бағытындағы NIS-тің 12-сынып оқушысы;
- Кирилл Тургумбаев — Қостанай облысы Жітіқара ауданы білім бөліміне қарасты Абай атындағы мектеп-лицейінің 11-сынып оқушысы.
Осылайша, Қазақстан құрамасының аталған олимпиадаға қатысу тарихында алғаш рет команда мүшелерінің барлығы марапатқа ие болды.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript