Қазақстан бойынша учаскелік сайлау комиссиялары жұмысын бастады

Референдум, выборы, избирательный бюллетень, бюллетень, бюллетени, избирательная урна, сурет - Zakon.kz жаңалық 03.08.2026 15:27 Фото: Zakon.kz
2026 жылғы 3 тамызда Орталық сайлау комиссиясының (ОСК) отырысында комиссия төрағасы Нұрлан Әбдіров Қазақстанның барлық өңірінде учаскелік сайлау комиссиялары өз жұмысын бастағанын мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Оның айтуынша, бүгіннен бастап учаскелік сайлау комиссиялары сайлау процесін ұйымдастыру жұмыстарына кірісті.

"Қазақстан бойынша 10 400-ден астам сайлау учаскесі ашылды. Сайлауды ұйымдастыруға жалпы саны 71 мың адамнан тұратын 10 600-ден астам комиссия мүшесі қатысады. 4-17 тамыз аралығында Орталық сайлау комиссиясының мүшелері мен аппарат қызметкерлері еліміздің барлық 20 өңіріне тексеру сапарларын жасайды. Бұл сапарлар барысында сайлау учаскелерінің дайындығы, олардың материалдық-техникалық жабдықталуы, сайлаушыларды ақпараттандыру жұмыстарының ұйымдастырылуы және call-орталықтардың қызметі бағаланады.", – деді Нұрлан Әбдіров.

Сонымен қатар өңірлерге бару кезінде аумақтық сайлау комиссияларының жұмысына, оның ішінде сайлау комиссиялары мүшелерін оқыту барысына ерекше назар аударылады.

Нұрлан Әбдіровтің айтуынша, 7 тамыздан бастап әрбір азамат дауыс беруге құқығы бар адамдар тізіміндегі өз деректерін тексере алады. Егер қандай да бір қате немесе сәйкессіздік анықталса, азаматтар оны түзету үшін бірден өз учаскелік сайлау комиссиясына жүгіне алады. Мұндай өтініштер түскен күні қаралады.

Сондай-ақ ОСК төрағасы осы аптадан бастап Орталық сайлау комиссиясының мүшелері өңірлерге тексеру сапарларына шығатынын айтты. Олар барлық облыстар мен республикалық маңызы бар қалаларды аралап, алдағы сайлауға дайындық деңгейін және қажетті инфрақұрылымның жағдайын тексереді.

ОСК отырысында еліміз бойынша сайлаушылар тізіміне 12 605 788 азамат енгізілгені де айтылды. Сайлаушылар саны ең көп тіркелген өңірлер қатарында Астана мен Алматы қалалары, сондай-ақ Түркістан және Алматы облыстары бар.

Бұған дейін сайлау кезінде әлеуметтік сауалнама жүргізудің талаптары аталғанын жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: