Әл-Фарабиден Абай даңғылына дейін: Алматыда Үлкен Алматы өзені жағалауының жекелеген бөлігі жабылады

Пешеходный переход, пешеходная зебра, дорожная зебра, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.08.2026 12:06 Фото: Zakon.kz
Алматы тұрғындары мен қонақтарына Үлкен Алматы өзенінің жағалауында уақытша шектеулер енгізілетіні ескертілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

2026 жылғы 4 тамызда Almaty_Joly Telegram-арнасында жарияланған мәліметке сәйкес, жағалаудың жекелеген бөліктерінде жаяу жүргіншілер қозғалысы кезекпен шектеледі.

Алдымен абаттандыру жұмыстары шығыс жағалаудағы №1 тұндырмадан (бөгеттен) әл-Фараби даңғылына дейінгі аралықта жүргізіледі. Кейін шектеулер жағалаудың Абай даңғылына дейінгі өзге бөліктерінде кезең-кезеңімен енгізіледі.

Абаттандыру барысында мамандар суару жүйесі мен жаяу жүргіншілер жолын қалпына келтіреді, жиектастарды ішінара ауыстырады, бұталар мен көгалдарды қайта отырғызады. Сондай-ақ ағаштарды санитарлық мақсатта кесу жұмыстары жүргізіледі.

Қала тұрғындары мен қонақтарынан уақытша шектеулерді ескеріп, орнатылған жол белгілерінің талаптарын сақтауды және жүру бағытын алдын ала жоспарлауды сұрады.

Бір күн бұрын Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі Панфилов көшесінің Жібек жолы даңғылынан Райымбек даңғылына дейінгі бөлігін жаңарту жұмыстарының егжей-тегжейін хабарлаған еді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: