Сауда министрлігі қазақстандық ірімшікті насихаттауға кірісті

Супермаркет, маркет, продуктовый, продукты питания, сыр, сырная продукция, молочные продукты, молочный продукт, молочные изделия, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.08.2026 15:27 Фото: Zakon.kz
Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев 2026 жылғы 4 тамызда өткен Үкімет отырысында қазақстандық өнімдерді ілгерілету бағытындағы қолдау шаралары туралы айтты, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Ол мысал ретінде отандық ірімшікті насихаттау жобасын атады.

"Ұлттық талдау орталығымен бірлесіп, отандық өнімдерді ілгерілету үшін тұтынушылық маркетингтің заманауи құралдары енгізілді. Қазақстандық ірімшікті насихаттауға арналған пилоттық жоба еліміздің барлық өңіріндегі 40 ірі республикалық және өңірлік сауда желісінде жүзеге асырылып жатыр", – деді Арман Шаққалиев.

Министрдің мәліметінше, пилоттық жоба іске асырыла бастаған алғашқы айдың өзінде қазақстандық ірімшіктің сатылымы 7%-ға артқан.

"Қазіргі уақытта жобаны кеңейту үшін тауарлардың келесі санаттарының тізімі айқындалып жатыр", – деп толықтырды министр.

Бұған дейін Қазақстаннан экспортталатын шикізаттық емес тауарлар көлемінің артқаны хабарланған еді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: