Қазақстанда арнайы әлеуметтік төлемді кімдер ала алады

Ноутбук, работа за ноутбуком, дистанционная работа, работа на ноутбуке, удаленная работа, фриланс, цифровые документы, интернет, сеть, цифровизация, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.08.2026 15:38 Фото: pexels
Зиянды еңбек жағдайында ұзақ уақыт жұмыс істеген 26 мыңнан астам қазақстандық арнайы әлеуметтік төлем алып отыр. Бұл туралы Zakon.kz редакциясына Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Ведомство мәліметінше, 2026 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша 26,1 мың адамға арнайы әлеуметтік төлем тағайындалған. Оларға аударылған қаражаттың жалпы көлемі 24 млрд теңгеден асты.

2025 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда төлем алушылар саны шамамен 3,7 мың адамға көбейген.

Арнайы әлеуметтік төлем зиянды өндірісте еңбек ететін қызметкерлерге денсаулыққа қауіпті жұмысты зейнет жасына жетпей тоқтатуға немесе қаржылай қолдауын сақтай отырып, қауіпсіз жұмысқа ауысуға мүмкіндік береді.

Төлем бірнеше қаржы көзінен құралады. Оған арнаулы кәсіптік мемлекеттік жәрдемақы, сақтандыру төлемдері, жұмыс берушінің қаражаты және міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен төленетін қаражат кіреді.

Бұған дейін басқа өңірге қоныс аударған қазақстандықтарға 7 млн теңгеге дейін берілетіні хабарланған еді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: