"Қазгидромет" 2026 жылғы тамызда қай өңірлерде құрғақшылық болатынын нақтылады

Бүгін, 2026 жылғы 5 тамызда "Қазгидромет" РМК синоптиктері тамыз айына арналған атмосфералық құрғақшылықтың нақтыланған болжамын жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz., сурет - Zakon.kz жаңалық 05.08.2026 10:02 Сурет: Zakon.kz
Бүгін, 2026 жылғы 5 тамызда "Қазгидромет" РМК синоптиктері тамыз айына арналған атмосфералық құрғақшылықтың нақтыланған болжамын жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Метеорологтердің болжамынша, 2026 жылғы тамызда Қазақстанның бірнеше өңірінде атмосфералық құрғақшылық болуы мүмкін.

Құрғақшылық қаупі бар аймақтар:

  • Батыс Қазақстан облысы – Бөкей ордасы және Жәнібек аудандары;
  • Ақтөбе облысы – Шалқар және Ырғыз аудандары;
  • Атырау облысы – Құрманғазы ауданы;
  • Алматы облысы – Балқаш ауданы;
  • Жамбыл облысы – Мойынқұм, Қордай, Сарысу, Талас және Жамбыл аудандары;
  • Түркістан облысы – Арыс, Созақ, Қазығұрт, Ордабасы, Шардара, Жетісай, Бәйдібек және Келес аудандары;
  • Қызылорда облысы – Қазалы, Қармақшы, Шиелі аудандары және Қызылорда қаласы.

Мамандардың мәліметінше, бірқалыпты ылғалды жағдай елдің екі ауданында ғана болжанады. Олар – Солтүстік Қазақстан облысының Тимирязев ауданы мен Қостанай облысының Ұзынкөл ауданы.

"Қазақстанның қалған аумағында ылғалдану жағдайы климаттық нормаға жуық болады", – деп хабарлады "Қазгидромет" РМК баспасөз қызметі.

Жаздың соңғы айына арналған құрғақшылықтың алдын ала болжамы осындай болған еді.

Ал 5 тамызға арналған еліміз бойынша ауа райы болжамымен мына сілтеме арқылы танысуға болады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: