Тамызда Қазақстанның жеті өңірінде құрғақшылық күтіледі

2026 жылғы 24 шілдеде "Қазгидромет" РМК мамандары 2026 жылдың тамыз айына арналған атмосфералық құрғақшылықтың алдын ала болжамын жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz., сурет - Zakon.kz жаңалық 24.07.2026 10:28 Сурет: pexels
2026 жылғы 24 шілдеде "Қазгидромет" РМК мамандары 2026 жылдың тамыз айына арналған атмосфералық құрғақшылықтың алдын ала болжамын жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Синоптиктердің мәліметінше, мына өңірлердің бірқатар ауданында құрғақшылық күтіледі:

  • Батыс Қазақстан облысы – Бөкей ордасы және Жәнібек аудандары;
  • Ақтөбе облысы – Шалқар және Ырғыз аудандары;
  • Атырау облысы – Құрманғазы ауданы;
  • Жетісу облысы – Алакөл және Ақсу аудандары;
  • Жамбыл облысы – Мойынқұм, Қордай, Сарысу, Талас, Шу, Жамбыл және Байзақ аудандары;
  • Түркістан облысы – Арыс, Созақ, Ордабасы, Шардара, Түлкібас және Бәйдібек аудандары;
  • Қызылорда облысы – Арал, Қазалы, Қармақшы, Шиелі аудандары және Қызылорда қаласы.

Ал Солтүстік Қазақстан облысының Тимирязев және Есіл аудандарында, сондай-ақ Қостанай облысының Ұзынкөл мен Қамысты аудандарында ылғалдылық қалыпты деңгейден сәл жоғары болады деп болжанып отыр.

"Қазақстанның қалған аумағында ылғалдану жағдайы климаттық нормаға жақын болады деп күтіледі", – деп хабарлады "Қазгидромет" РМК баспасөз қызметі.

Мамандар бұл болжам алдын ала жасалғанын, қажет болған жағдайда нақтыланатынын атап өтті.

Еске салайық, 23 шілдеде Астанада нөсер жаңбыр, бұршақ және екпінді жел соғып, табиғат құбылысы қала тұрғындарын әбігерге салған еді.

Ал 24 шілдеге арналған ауа райы болжамына сәйкес, Қазақстанның бірқатар өңірінде аптап ыстық қайта күшейіп, ауа температурасы +42 градусқа дейін көтеріледі.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: