Қазақстанның батысындағы ірі қала тұрғындарына көшеде жүру уақытын қысқарту ұсынылды

Смог, загрязнение воздуха, выхлопы, пелена, дымка, загрязнение воздуха, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.08.2026 10:44 Фото: Zakon.kz/Павел Михеев
Бүгін Қазақстанның батысындағы ірі қалада қолайсыз метеорологиялық жағдай қалыптасады. Осыған байланысты тұрғындарға көшеде жүру уақытын қысқарту ұсынылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы "Қазгидромет" РМК мамандары таратқан ескертуде айтылған.

"2026 жылғы 5 тамызда Ақтөбе қаласында қолайсыз метеорологиялық жағдай күтіледі".

Қолайсыз метеорологиялық жағдай – атмосфералық ауаның жерге жақын қабатында зиянды заттардың жиналуына ықпал ететін қысқа мерзімді метеорологиялық факторлардың жиынтығы. Оларға желсіз ауа райы, әлсіз жел, тұман және температуралық инверсия жатады.

Мұндай жағдайда қала тұрғындарына ашық ауада, әсіресе автожолдар мен қоршаған ортаны ластайтын басқа да көздердің маңында жүру уақытын қысқарту ұсынылады. Ал өкпенің созылмалы, жүрек-қан тамырлары және аллергиялық аурулары бар адамдар сыртқа шыққанда өздеріне қажетті дәрі-дәрмекті бірге алып жүруі керек.

2026 жылғы 4 тамызда Ақтөбе мен Атырауда қолайсыз метеорологиялық жағдай болжанған еді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: