Қазақстанның екі ірі қаласында қолайсыз метеорологиялық жағдай қалыптасады

Смог, загрязнение воздуха, выхлопы, пелена, дымка, смог в Алматы, загрязнение воздуха в Алматы, грязный воздух в Алматы, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.08.2026 10:04 Фото: Zakon.kz/Павел Михеев
Бүгін, 4 тамызда Қазақстанның екі ірі қаласында – Ақтөбе мен Атырауда қолайсыз метеорологиялық жағдай қалыптасады. Осыған байланысты қала тұрғындарына ашық ауада жүру уақытын қысқарту ұсынылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы "Қазгидромет" РМК мамандары ескертті.

"2026 жылғы 4 тамызда Ақтөбе мен Атырау қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдай күтіледі", – делінген гидрометеорологиялық орталықтың сайтында жарияланған ақпаратта.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай – атмосфералық ауаның жерге жақын қабатында зиянды заттардың жиналуына ықпал ететін қысқа мерзімді метеорологиялық факторлардың, атап айтқанда желсіздіктің, әлсіз желдің, тұман мен инверсияның жиынтығы.

Мұндай жағдайда тұрғындарға, әсіресе автожолдар мен ауаны ластайтын өзге де нысандардың маңында ашық ауада жүру уақытын қысқарту ұсынылады. Ал өкпенің созылмалы, жүрек-қан тамырлары және аллергиялық аурулары бар адамдар сыртқа шыққанда өздеріне қажетті дәрі-дәрмектерді бірге алып жүруі керек.

Бұған дейін синоптиктер Қазақстанда экстремалды ауа райы күтілетінін ескертіп, қауіпті өңірлерді атаған еді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: