Павлодарда тұраққа қою талабын бұзған жүргізуші жауапқа тартылды

Парковка, паркинг, парковочное место, парковочные места, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.08.2026 13:15 Фото: Zakon.kz/Екатерина Елисеева
@dp_pavlodar ресми парақшасының Direct бөліміне жол қозғалысы ережесін өрескел бұзу фактісі түсірілген бейнежазба келіп түсті.

Бейнежазбада Павлодар қаласының Орталық жағалауында Toyota Corona автокөлігінің жүргізушісі көлік құралын тоқтату және тұраққа қою талаптарын бұзғаны көрінеді. Полиция қызметкерлері бейнежазба бойынша тексеру жүргізіп, жүргізушінің жеке басын анықтады.

Жол қозғалысы ережесін бұзғаны үшін оған қатысты әкімшілік материал рәсімделді.

Павлодар облысы полиция департаментінің мәліметінше, жыл басынан бері көлік құралын тоқтату және тұраққа қою қағидаларын бұзған 1973 жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

Полиция департаменті жол қозғалысы ережелерін сақтау әрбір жүргізушінің ғана емес, барлық жол қозғалысына қатысушының міндеті екенін еске салады.

Құқық бұзушылықтың куәсі болған азаматтар бұл туралы eGov Mobile қосымшасында және банктік қосымшаларға біріктірілген "Заң және Тәртіп" сервисі арқылы хабарлай алады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: