Аты жаман ауруға шалдыққан қазақстандықтың банк алдындағы борышы кешірілді

Законодательство, закон, законодательные акты, правовые акты, правовая система, законодательная база, права, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.08.2026 14:52 Фото: pixabay
Онкологиялық ауруға шалдыққан әйел өзін банкрот деп тану үшін сотқа жүгінді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Кассациялық сот таратқан ақпарға сүйенсек, II топтағы мүгедектігі бар, онкологиялық аурудан зардап шегетін әйел өзін банкрот деп тануды сұраған. Оның берешегінің мөлшері 4,5 млн теңгені құраған. Алайда, бірінші және апелляциялық сатылардағы соттар өтініш берушінің ЖШС жарғылық капиталындағы 25,9% үлеске ие екенін көрсетіп, өтінішті қанағаттандырудан бас тартқан.

Дегенмен, кассациялық сот мұндай тұжырымдармен келіспеген.

"Істің мән-жайларын тексере келе, сот аталған серіктестіктің екі жылдан астам уақыт бойы іс жүзінде қызмет жүргізбейтінін, оның мүлкі небәрі 103 мың теңгеге бағаланғанын, ал өтініш берушінің үлесінің құны 26 677 теңгені ғана құрайтынын анықтады. Бұл сома берешекті өтеуге жеткіліксіз. Сонымен қатар, өтініш беруші ЖШС-ге қатысуынан табыс алмайды, оның қаражатының жалғыз көзі – мүгедектігі бойынша жәрдемақы",- деп нақтылады сот.

Іс бойынша анықталған мән-жайларды ескере отырып, заңды тұлғадағы үлестің болуы өздігінен сот арқылы банкроттық рәсімін қолданудан бас тартуға негіз болмайтыны танылды.

"Мұндай істерді қарау кезінде мүліктің нақты құнын және борышкердің іс жүзіндегі төлем қабілеттілігін ескеру қажет",- деп мәлімдеді ведомство.

Осылайша, істі қарау қорытындысы бойынша кассациялық сот төмен тұрған соттардың сот актілерінің күшін жойып, азаматшаға қатысты сот арқылы банкроттық рәсімін қолданды.

Бұған дейін Жетісайдағы тойдың "жарық жұлдызы" тұтқындалғанын жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: