"Бұршақ жауып, дауыл тұрады". Еліміздің 16 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Дауыл, жаңбыр, бұршақ, дауылды ескерту, Қазақстан, 6 тамыз, ауа райы болжамы, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.08.2026 20:18 Сурет: twitter.com
Қазақстанның 16 облысында 2026 жылдың 6 тамызында дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды Zakon.kz "Қазгидромет" РМК-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Түнде Ұлытау облысының шығысында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды деп күтіледі. Күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында солтүстік-батыстан, солтүстіктен соққан желдің екпіні 15 м/с құрайды. Күндіз 35 градус қатты ыстық болып, облыстың солтүстігінде, орталығында жоғары өрт қаупі, ал облыстың оңтүстігінде, шығысында төтенше өрт қаупі сақталады. Жезқазғанда 6 тамызда жоғары өрт қаупі сақталады.

Жетісу облысының таулы аудандарында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, күндіз кей уақыттарда нөсер жаңбыр болады деп болжанады. Солтүстік-батыстан жел соғады, Алакөл көлдері ауданындағы екпіні 15-20 м/с болады деп күтіледі. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі, облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады. Талдықорғанда 6 тамызда төтенше өрт қаупі сақталады.

Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ түсіп, дауыл тұрады, түнде облыстың шығысында кей уақыттарда нөсер жаңбыр болады деп күтіледі. Күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында солтүстік-батыстан, солтүстіктен жел соғады, екпіні - 18 м/с. Облыстың шығысында, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі, облыстың батысында, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады. Қарағандыда 6 тамызда түнде және таңертең жаңбыр жауып, найзағай ойнайды деп күтіледі.

Маңғыстау облысының батысында, солтүстігінде, орталығында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды деп болжанады. Түнде облыстың солтүстік-батысында, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с қамтиды. Күндіз облыстың солтүстік-шығысында, оңтүстігінде 38 градус қатты ыстық болып, облыстың батысында жоғары өрт қаупі, облыстың солтүстік-шығысында, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады. Ақтауда 6 тамызда жоғары өрт қаупі сақталады.

Түнде және таңертең Ақмола облысының оңтүстігінде, шығысында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде тұман түседі деп күтіледі. Облыстың батысында төтенше өрт қаупі, облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.

Күндіз Ақтөбе облысының оңтүстігінде, шығысында аздап жаңбыр жауып, найзағай ойнайды деп болжанады. Күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде, орталығында солтүстіктен, солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні - 15 м/с. Күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында 35-37 градус қатты ыстық болып, облыстың солтүстігінде жоғары өрт қаупі, облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында төтенше өрт қаупі сақталады. Ақтөбеде 6 тамызда жоғары өрт қаупі сақталады.

Астанада 6 тамызда түнде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды деп болжанады.

Түнде Павлодар облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, күндіз облыстың шығысында, оңтүстігінде, орталығында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ түсіп, дауыл тұрады деп күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей уақыттарда 23 м/с дейін жетеді. Облыстың орталығында, шығысында жоғары өрт қаупі сақталады. Павлодарда 6 тамызда түнде және күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды деп күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, түндегі екпіні - 15-20 м/с. Жоғары өрт қаупі сақталады.

Алматы облысының оңтүстігінде, тау бөктеріндегі, таулы аудандарында кей уақыттарда жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, күндіз бұршақ түседі деп күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі, облыстың шығысында, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады. Алматыда 6 тамызда аздап жаңбыр жауып, найзағай ойнайды деп күтіледі. Төтенше өрт қаупі сақталады. Қонаевта 6 тамызда жоғары өрт қаупі сақталады.

Күндіз Түркістан облысының тауларында өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды деп болжанады. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың тауларындағы екпіні 15-20 м/с құрайды. Облыс бойынша төтенше өрт қаупі, облыстың солтүстігінде, шығысында жоғары өрт қаупі сақталады. Шымкентте 6 тамызда төтенше өрт қаупі сақталады. Түркістанда 6 тамызда төтенше өрт қаупі күтіледі.

Қызылорда облысында төтенше өрт қаупі сақталады. Қызылордада 6 тамызда төтенше өрт қаупі күтіледі.

Атырау облысының батысында, солтүстігінде қысқа мерзімді жаңбыр жауып, найзағай ойнайды деп күтіледі. Күндіз 35-36 градус қатты ыстық болып, облыс бойынша төтенше өрт қаупі сақталады. Атырауда 6 тамызда күндіз 35 градус қатты ыстық болып, төтенше өрт қаупі сақталады.

Таңертең және күндіз Қостанай облысының батысында, солтүстігінде аздап жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, ал түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде тұман түседі деп күтіледі. Күндіз облыстың батысында, солтүстігінде солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Облыстың батысында, шығысында, орталығында жоғары өрт қаупі, облыстың оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі сақталады. Қостанайда 6 тамызда түнде және таңертең тұман болатыны болжанады.

Түнде Абай облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында кей уақыттарда жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ түсіп, дауыл тұрады деп күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с, күндіз кей тұстарда 25 м/с дейін жетеді. Облыстың басым бөлігінде жоғары өрт қаупі, облыстың солтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі сақталады. Семейде 6 тамызда жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, күндіз бұршақ түсіп, дауыл тұрады деп күтіледі. Оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ойыса соққан желдің таңертең және күндізгі екпіні 15-20 м/с құрайды. Жоғары өрт қаупі сақталады.

Күндіз Батыс Қазақстан облысының оңтүстік-батысында 35-36 градус қатты ыстық болып, облыс бойынша жоғары өрт қаупі, облыстың батысында, оңтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.

Күндіз Жамбыл облысының таулы аудандарында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды деп күтіледі. Күндіз облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Облыс бойынша төтенше өрт қаупі, облыстың шығысында, оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады. Таразда 6 тамызда төтенше өрт қаупі сақталады.

Түнде Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында кей уақыттарда жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ түсіп, дауыл тұрады деп күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с, күндіз кей тұстарда 25 м/с дейін жетеді. Облыстың солтүстік-батысында жоғары өрт қаупі, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Өскеменде 6 тамызда жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, күндіз бұршақ түсіп, дауыл тұрады деп күтіледі. Оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа ойыса соққан желдің таңертең және күндізгі екпіні 15-20 м/с құрайды.

Түнде Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, күндіз облыстың солтүстігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ түсіп, дауыл тұрады, ал түнде және таңертең облыстың батысында тұман болады деп болжанады. Түнде және күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Облыстың солтүстігінде жоғары өрт қаупі күтіледі. Петропавлда 6 тамызда күндіз аздап жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ түсіп, дауыл тұрады деп күтіледі. Күндіз солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с.

Бұған дейін синоптиктер 2026 жылы 6 тамызда, сәрсенбіде аптап ыстық болатын өңірлерді атаған болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: