ЖОО-ға түсу кезінде волонтерлік қызмет ескеріледі

Волонтер, волонтеры, волонтерство, НПО, активист, активисты, некоммерческая организация, общественная организация, благотворительность, благотворительная организация, благотворительные организации, сурет - Zakon.kz жаңалық 06.08.2026 14:39 Фото: freepik
Елімізде волонтерлік қызметті дамытудың жаңа тұжырымдамасы әзірленіп жатыр. Құжат еріктілер қозғалысын жетілдіріп, әр саладағы жұмысты жүйелеуді көздейді.

Сондай-ақ биылдан бастап жоғары оқу орындарына түсу кезінде мектеп түлектерінің қоғамдағы белсенділігі де ескеріледі, деп жазады qazaqstan.tv.

Құжатта салалық волонтерлікті дамытуға басымдық берілген. Бүгінде еріктілер 14 бағытта жұмыс істейді.

Соның 12-сі бойынша арнайы әдістемелік құралдар дайындалған.

Алдағы уақытта волонтерлерді жүйелі оқыту да жолға қойылады. Мамандардың айтуынша, ерікті болу, еріккендердің тірлігі емес. Ол жастардың жауапкершілігін арттырып, көшбасшылық қабілетін шыңдап, кәсіби тәжірибе жинауына жол ашады.

Қазір елімізде 800-ден астам волонтерлік ұйым жұмыс істейді. Белсенділердің саны 300 мыңнан асса, өңірлерде үш жарым мыңға жуық бастамашыл топ қоғамдық жобаларды жүзеге асырып келеді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: