Қазақстандық оқушылар ауқымды халықаралық ғылыми жобада алғаш рет ел намысын қорғады
Сурет: ҚР Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі
"Сириус" федералдық аумағында жүзеге асырылатын "Үлкен сын-тегеуріндер" халықаралық ғылыми-технологиялық бағдарламасына алғаш рет Қазақстаннан оқушылар қатысты. Бұл туралы бүгін, 2026 жылғы 6 тамызда ҚР Оқу-ағарту министрлігі мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Белігілі болғандай, бағдарламаға Қазақстан атынан қатысты:
- Маржан Бақытжан – Алматы қаласындағы Қаныш Сәтбаев атындағы №56 гимназияның оқушысы;
- Малика Арынова – Алматы қаласындағы №48 лицейдің оқушысы;
- Назима Худайбергенова – Алматы қаласындағы №131 лицейдің оқушысы;
- Ақжол Қадырхан – Алматы қаласындағы №131 лицейдің оқушысы;
- Полина Кравченко – Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы Глубокое ауданы бойынша білім бөлімінің "Опытное поле" жалпы білім беретін мектебінің 10-сынып оқушысы қатысты.
Ведомство дерегінше, бағдарлама аясында оқушылар жетекші ғылыми ұйымдар мен индустриялық компаниялардың ғалымдары және мамандарымен бірге нақты ғылыми және инженерлік міндеттерді шешумен айналысты.
Жалпы 11 ғылыми-технологиялық бағыт бойынша 76 жоба жүзеге асырылды. Олардың қатарында жасанды интеллект, жаңа материалдар, медицина, экология және басқа да перспективалы бағыттар бар.
"Бағдарламаның ерекшелігі – қатысушылардың ғылыми ұйымдар мен технологиялық компаниялар ұсынған нақты міндеттерді орындауы. Мұндай формат оқушылардың зерттеушілік тәжірибе жинақтауына, жобалық жұмыс дағдыларын дамытуына және заманауи ғылыми әзірлемелермен танысуына мүмкіндік береді",- деп атап өтті министіктегілер.
Бұған дейін ️Қазақстан құрамасының Лингвистикадан халықаралық олимпиадада тарихи нәтиже көрсеткенін жазғанбыз.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript