Қазақстанда медицина саласын жеке серіктестердің көмегімен дамыту жоспарланып отыр

Больница, поликлиника, медицинское учреждение, медучреждение, врачи, доктора, прием у врача, сурет - Zakon.kz жаңалық 07.08.2026 10:39 Фото: Zakon.kz/Павел Михеев
Денсаулық сақтау министрлігі денсаулық сақтау саласындағы жекеше әріптесті айқындау және мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартын жасасу қағидаларына түзетулер әзірледі, деп хабарлайды Zakon.kz.

Құжатта әлеуетті жекеше әріптестердің біліктілік талаптарына сәйкестігін растау кезінде олардың үлестес компанияларының тәжірибесін ескеру мүмкіндігі қарастырылған.

Министрліктің мәліметінше, бұл тетік халықаралық тәжірибеге сәйкес келеді және көпбейінді ауруханалар, мамандандырылған медициналық орталықтар мен жоғары технологиялық денсаулық сақтау нысандары секілді ірі жобаларды жүзеге асыру мүмкіндігін кеңейтеді.

Қағидаларды жаңарту саланың инвестициялық тартымдылығын арттырып, медициналық нысандарды жобалау, салу және басқару бойынша озық әлемдік тәжірибелерді енгізуге ықпал етеді деп күтіледі.

Қажетті құзыреттері бар компаниялардың қатысуымен жобаларды іске асыру заманауи медициналық инфрақұрылымды дамытуға, инновациялық технологияларды енгізуге және Қазақстан азаматтарына көрсетілетін медициналық көмектің сапасын одан әрі арттыруға жағдай жасайды.

Құжат "Ашық НҚА" порталында 21 тамызға дейін жария талқылауға ұсынылды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: