Қазақстанда медицина қызметкерлерін сақтандыру тәртібі өзгереді

Обязательное социальное медицинское страхование, медицинское страхование, медицинская страховка, ОСМС, врач, врачи, доктор, доктора, медик, медики, медицина, здравоохранение, медстрахование, сурет - Zakon.kz жаңалық 01.09.2026 14:18 Фото: pixabay
Денсаулық сақтау министрлігі әлеуметтік заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша бірқатар нормативтік-құқықтық актіге түзетулер әзірледі, деп хабарлайды Zakon.kz.

Құжат медицина қызметкерлерінің кәсіби жауапкершілігін, сондай-ақ қызметтік міндеттерін атқару кезінде олардың өмірі мен денсаулығын сақтандыру тетіктерін жетілдіруге бағытталған. Бұдан бөлек, мамандардың әлеуметтік және құқықтық қорғалу деңгейін арттыру көзделген.

Атап айтқанда, жоба аясында:

  • кәсіби міндеттерін атқару кезінде медицина қызметкерлерінің өмірі мен денсаулығын бірлесіп сақтандыруға арналған үлгілік шарт енгізу;
  • интерн-дәрігерлер мен резидент-дәрігерлердің оқу кезеңіндегі кәсіби жауапкершілігін сақтандыру аясын кеңейту;
  • медицина қызметкерлерінің кәсіби жауапкершілігін бірлесіп сақтандыру шарттарын жасау, өзгерту және орындау тәртібін жетілдіру;
  • кәсіби міндеттерін атқару кезінде үшінші тұлғалардың күш қолдануы салдарынан медицина қызметкерінің өмірі мен денсаулығына зиян келген жағдайда сақтандыру өтемі төленетін жағдайларды айқындау;
  • сақтандыру төлемдерін жүзеге асыру, сондай-ақ денсаулық сақтау субъектілері, медицина қызметкерлері, пациенттер және Бірыңғай сақтандыру (қайта сақтандыру) пулының әкімшісі арасындағы өзара іс-қимыл тәртібін жетілдіру ұсынылады.

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, жобаны іске асыру медицина қызметкерлерінің кәсіби міндеттерін атқару кезіндегі қорғалуын күшейтуге, пациенттердің құқықтарын қорғау тетіктерін жетілдіруге және денсаулық сақтау жүйесіне қатысушылардың құқықтық әрі қаржылық тәуекелдерін төмендетуге мүмкіндік береді.

Сонымен қатар сақтандыру үдерістерінің ашықтығы мен тиімділігін арттыру көзделген.

Құжат "Ашық НҚА" порталында жарияланды. Жоба 16 қыркүйекке дейін қоғамдық талқылауға ұсынылған.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: