Астанада қала көшелерінде жүрген жылқы тротуарлар мен жасыл желекке зақым келтірген: "шабандоз" жазаланды

Астана, город Астана, виды Астаны, виды города Астаны, Байтерек, сурет - Zakon.kz жаңалық 07.08.2026 11:56 Фото: Zakon.kz/Екатерина Елисеева
Астанада әлеуметтік желіге бейнеролик түсіру үшін атпен автомобиль жолы мен тротуарда жүрген 35 жастағы ер адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Әкімдік ақпарына сүйенсек, 35 жастағы ер адам елордадағы ойын-сауық орындарының біріне бейнеролик түсіру мақсатында атпен автомобиль жолымен және жаяу жүргіншілерге арналған тротуарлармен жүріп, жаяу жүргіншілердің қозғалысына кедергі келтірген. Кейін "Бәйтерек" монументі маңына қарай бет алған кезде, жол қиылыстарының бірінде жылқы тротуарды ластап, жасыл желектерге зақым келтірген.

"Осылайша абаттандыру саласындағы заңнама талаптары бұзылған",- деп мәлімдеді ведомтсво.

Аталған екі құқық бұзушылық фактісі бойынша ер адам әкімшілік жауаптылыққа тартылды.

Бұған дейін ШҚО-да телемұнараға шығып алған балалар өздігінен түсе алмай, құтқарушы мен полицейді әбден әбігерге салғанын жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: