Қазақстанға кеспе тас, жиектастар мен гранит әкелуге тыйым салынды: тізбе нақтыланды
Сурет: pixabay
Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2026 жылғы 3 тамыздағы бұйрығымен үшінші елдерден Қазақстан аумағына құрылыс материалдарының жекелеген түрлерін әкелуді реттеу бөлігінде толықтырулар енгізілді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Атап айтқанда, бұйрық жаңа тармақпен толықтырылды. Оған сәйкес, 2026 жылғы 1 қазанға дейін мынадай норма қолданылады:
Үшінші елдерден Қазақстан аумағына көліктің барлық түрімен құрылыс материалдарының жекелеген түрлерін әкелуге алты ай мерзімге тыйым салынады.
Тізімге мыналар енгізілген:
- табиғи тастан (тақтатастан басқа) жасалған кеспе тас, жиектастар және жол төсеуге арналған тақталар;
- ескерткіштер жасауға немесе құрылысқа арналған өңделген тас (тақтатастан басқа) және одан жасалған бұйымдар, 6801 тауар позициясындағы өнімдерді қоспағанда;
- негізге бекітілген немесе бекітілмеген табиғи тастан, оның ішінде тақтатастан жасалған мозаика текшелері және осыған ұқсас бұйымдар;
- табиғи тастан, оның ішінде тақтатастан алынған, жасанды түрде боялған түйіршіктер, үгінділер мен ұнтақтар;
- жылтыратылған, безендірілген немесе оюдан басқа тәсілмен өңделген, таза салмағы 10 килограмм немесе одан асатын гранит;
- граниттің өзге түрлері.
Бұйрық 2026 жылғы 6 тамыздан бастап қолданысқа енгізіледі.
Бұған дейін Қазақстан кеспе тас, жиектас пен гранит әкелуге салынған тыйымның мерзімін ұзартқаны хабарланған.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript