Ел игілігі жолындағы еңбек бағаланып, құрылысшыларға құрмет көрсетілді

Ел игілігі жолындағы еңбек бағаланып, құрылысшыларға құрмет көрсетілді, сурет - Zakon.kz жаңалық 07.08.2026 21:36 Сурет: Қызылорда облысы әкімдігінің баспасөз қызметі
Бүгін Қызылорда облысында "Өнер орталығында" Құрылысшылар күніне арналған салтанатты шара өтті.

Оған облыс әкімі Мұрат Ергешбаев, облыстық мәслихат төрағасы Мұрат Тлеумбетов, зиялы қауым өкілдері мен сала ардагерлері қатысты.

Аймақ басшысы құрылысшылардың өңірді дамытудағы еселі еңбектерін жоғары бағалады.

"Баршаңызды кәсіби мерекелеріңіз – Құрылысшылар күнімен шын жүректен құттықтаймын! Құрылысшы – қоғамдағы ең қадірлі, ең жасампаз мамандықтардың бірі.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы "Елімізде неғұрлым құрылыс көп болса, Қазақстан да соғұрлым өркендей береді. Ең алдымен, бұл – негізгі инфрақұрылымға қатысты мақсат. Біз теміржолдарды, автожолдарды, әуежайларды, вокзалдарды, сумен қамтамасыз ететін ірі құрылғыларды, өндіріс және өнім кәсіпорындарын, қала ғимараттарын және тағы басқа нысандарды жоғары қарқынмен салуымыз керек" деген болатын.

Сыр бойындағы құрылыс шежіресінің тамыры тереңде жатыр. Көне Шірік Рабат, Сығанақ пен Жанкент шаһарларынан бастау алған сәулет өнерінің дәстүрі бүгінгі заманауи құрылыспен сабақтасады.

Президентіміздің, Үкіметтің ерекше қолдауымен Сыр өңірі қарқынды құрылыс алаңына айналды. Аймағымызда 2022 жылдан бері 270-тен астам әлеуметтік нысан салынып, 46 білім беру, 45 денсаулық сақтау, 22 мәдениет, 27 спорт нысаны халық игілігіне берілді.

Мемлекет басшысының қолдауымен Қорқыт Ата әуежайының жаңа терминалы, заманауи үлгідегі автовокзал ғимараты іске қосылды. "Қазақстан Темір Жолы" компаниясының, жергілікті кәсіпкерлердің демеушілігімен Қызылорда теміржол вокзалы күрделі жөндеуден өтті. Президентіміздің тапсырмасымен барлық аудандағы теміржол вокзалдары қайта жаңғыртылды.

Биыл 28 жобаның құрылысына бюджеттен 177 млрд. теңге бөлінді. Бүгінде сол жағалаудағы 100 келушіге арналған емханасы және онкологиялық бөлімшесі бар 300 орындық көпбейінді аурухана, 500 келушіге арналған емхана, Титов шағын ауданында 400 орындық № 5 емхана ғимараты, 200 орындық перинаталдық орталық және "Қызылорда Арена" көпфункционалды спорт кешені салынуда.

Мемлекет басшысының Ұлттық құрылтайдың бесінші отырысында берген тапсырмасына сәйкес қаламызда тәулік бойы жұмыс істейтін заманауи кітапхана мен жаңа драма театрдың құрылысы басталды.

Осы ретте ел игілігіне адал қызмет етіп жүрген құрыш қолды құрылысшыларға облыс халқының атынан шексіз алғысымды білдіремін! Сіздерге сарқылмас күш-қуат, отбасыларыңызға құт-береке, дендеріңізге саулық тілеймін!", – деді Мұрат Нәлқожаұлы.

Ел игілігі жолындағы еңбек бағаланып, құрылысшыларға құрмет көрсетілді, сурет - Zakon.kz жаңалық 07.08.2026 21:36

Сурет: Қызылорда облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Салтанатты шарада құрылыс саласының үздіктері ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаевтың Алғыс хатымен, Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің "Құрметті құрылысшы" төсбелгісімен, Құрмет грамотасымен және Алғыс хатымен, Қызылорда облысының Құрмет грамотасымен, "Қызылорда облысының дамуына қосқан үлесі үшін" медалімен, облыс әкімінің Алғыс хатымен марапатталды.

Мерекелік іс-шарада эстрада әншісі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Айгерім Қалаубаева және Сыр өнерпаздары әннен шашу шашты.

Ел игілігі жолындағы еңбек бағаланып, құрылысшыларға құрмет көрсетілді, сурет - Zakon.kz жаңалық 07.08.2026 21:36

Сурет: Қызылорда облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Аймақта тұрғындарды баспанамен қамтамасыз етуге бағытталған жобалар нәтижелі іске асуда.

Соңғы төрт жылда 7600 пәтер беріліп, 30 мыңнан астам тұрғын баспаналы болды.

2026-2027 жылдары 6200-ден астам пәтер

табыстау, 25 мыңға жуық тұрғынның баспана мәселесін шешу жоспарланған. Оның 1200 пәтері аудан орталықтарында салынып жатыр.

Жыл соңына дейін құрылыс жұмыстарының нақты орындалған көлемін 369 млрд. теңгеге жеткізу көзделуде.

Ел игілігі жолындағы еңбек бағаланып, құрылысшыларға құрмет көрсетілді, сурет - Zakon.kz жаңалық 07.08.2026 21:36

Сурет: Қызылорда облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Жақында ғана Президенттің қатысуымен стратегиялық инфрақұрылымдық жобалардың бірі – "Қызылорда – Сексеуіл", "Ұлғайсын – Сексеуіл" және "Бейнеу – Сексеуіл" автокөлік жолдарының құрылысы ресми түрде бастау алды.

"Қазатомөнеркәсіп" Ұлттық атом компаниясының демеушілігімен 2,9 млрд. теңгеге жуық қаржыға Жаңақорған, Шиелі аудандарында екі спорт кешені, ауылдық клуб пен емхана құрылысы биыл басталады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: