Қазақстанда соңғы бір аптада 50-ге тарта орман өрті тіркелді

Қазақстанда соңғы бір аптада 50-ге тарта орман өрті тіркелді , сурет - Zakon.kz жаңалық 10.08.2026 09:35 Сурет: бейнежазба скриншоты
2026 жылғы 2–9 тамыз аралығында республика бойынша 47 орман өрті тіркелді. Оның ішінде жергілікті атқарушы органдарға қарасты орман шаруашылығы мекемелерінде – 21 өрт тіркелсе, мемлекеттік орман қоры жерлерінде – 26 өрт тұтанды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Өрт ошақтары мемлекеттік орман күзетінің жерүсті бақылауы, РМҚК "Қазавиаорманқорғау" кәсіпорнының әуе патрульдеуі және орман өрттерін ерте анықтау жүйелері арқылы дер кезінде анықталды.

Өрттерге жедел ден қою мақсатында мемлекеттік орман күзетінің қызметкерлері, РМҚК "Қазавиаорманқорғау" авиациясы мен әуе өрт сөндіру десанттары, сондай-ақ қажетті күштер мен техника жұмылдырылды.

"Қабылданған жедел шаралардың нәтижесінде өрттердің таралуына жол берілмей, ошақтар қысқа мерзімде оқшауланып, сөндірілді",- деп мәлімдеді ҚР Эколгия және табиғи ресурстар министрлігі.

Сондай-ақ, ведомство табиғат аясында демалу кезінде өрт қауіпсіздігі талаптарын қатаң сақтауға шақырды.

Бұған дейін Маңғыстаудағы мұнай кен орнында өрт шыққанын жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: