Қазақстандықтарға пластик пакеттерге қатысты үндеу жасалды

Экология, пластика пакеты, сурет - Zakon.kz жаңалық 11.08.2026 10:37 Сурет: pixabay
Қазақстанның Экология және табиғи ресурстар министрлігі пластикалық пакеттерге қатысты қызықты ақпарат жариялады. Ресми орган азаматтарға матадан жасалған бір сөмкенің, қанша пластик пакетті алмастыра алатынын айтты, -деп хабарлайды Zakon.kz.

Әлемде жыл сайын 5 триллионға дейін бір рет қолданылатын пластикалық пакет пайдаланылады. Олардың көбі бірнеше минут қана қолданылып, кейін қоқысқа айналады.

"Бір қарағанда, балама қарапайым – көп рет қолданылатын сөмке. Алайда мұнда ескеретін маңызды жайт бар: оның экологиялық тиімділігі сөмкені қанша уақыт пайдаланатынымызға тікелей байланысты", – делінген ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігінің 2026 жылғы 11 тамызда Telegram-арнасында жариялаған ақпаратында.

БҰҰ-ның Қоршаған орта жөніндегі бағдарламасының мәліметінше, мақтадан жасалған бір сөмке экологияға бір реттік пластикалық пакеттен аз зиян келтіруі үшін оны шамамен 50–150 рет пайдалану қажет.

Яғни, көп рет қолданылатын сөмке сатып алу жеткіліксіз — оны мүмкіндігінше ұзақ уақыт пайдалану маңызды.

"Маңыздысы – көп рет қолданылатын затты жәй ғана алу емес, маңыздысы, оны шынымен де қайта-қайта пайдалану. Барлығын қарапайым нәрседен бастау керек. Бір сөмкеден. Бір әдеттен. Табиғатты қорғауға бағытталған бір таңдаудан", – деп Экология министрлігі қазақстандықтарды экологиялық бастамаға шақырды.
Мата сөмке, постер, экология, сурет - Zakon.kz жаңалық 11.08.2026 10:37

Сурет: Telegram/EcologyofQazaqstan

Еске салайық, 2026 жылғы 30 шілдеде қазақстандықтарға құрылыс қалдықтарын кәдімгі тұрмыстық қалдықтарға арналған контейнерлерге тастауға болмайтыны ескертілген болатын. Экология министрлігі өкілдерінің айтуынша, кірпіш, бетон, сылақ, кафель, гипсокартон, терезе жақтаулары, есіктер және жөндеу жұмыстары кезінде пайда болатын басқа да қалдықтар құрылыс қалдықтарына жатады және оларды кәдеге жаратудың өзіндік тәртібі бар.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: