ҰҚК Каспий теңізінде шомылу мен туристердің демалуына қойылған режимдік шектеулерді алып тастайды

Актау, город Актау, Каспийское море, Каспий, сурет - Zakon.kz жаңалық 12.08.2026 11:43 Фото: unsplash
Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы 2026 жылғы 3 тамызда "Каспий теңізі жағалауындағы режимдік шектеулердің қолданылуы тоқтатыла тұратын учаскелерді белгілеу туралы" бұйрыққа қол қойды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Құжатқа сәйкес, 2026 жылғы 31 желтоқсанға дейін Каспий теңізінің қазақстандық секторындағы мына жағалау учаскелерінде режимдік шектеулердің қолданылуы тоқтатыла тұрады:

  • Түпқараған мүйісінен Үрдік мүйісіне дейін;
  • адам тұрмайтын Саура елді мекенінен Сағындық мүйісіне дейін;
  • Жартасты мүйісінен Құмды мүйісіне дейін;
  • Құмды мүйісінен Адамтас мүйісіне дейін.

Бұл ретте теңіздегі экономикалық қызмет жүргізілетін аумақтарға, соның ішінде теңіз порттарына, су тарту арналарына, газ терминалдарына, теңіз дәліздері мен кеме жүретін жолдарға аталған талап қолданылмайды.

Белгіленген мерзімде осы жағалау учаскелерінен теңізге екі мильге дейін еркін шығуға рұқсат беріледі. Сондай-ақ жеке және заңды тұлғалар демалу, туризм және спорт мақсатында пайдаланатын қазақстандық шағын көлемді өздігінен жүретін және өздігінен жүрмейтін, суүсті және суасты кемелерін, сондай-ақ мұз үстімен жүретін көлік құралдарын белгіленген акваторияда жүзуге және пайдалануға болады.

Бұйрық 2026 жылғы 22 тамыздан бастап қолданысқа енгізіледі.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: