50 балл жеткіліксіз: ІІМ өз жоғары оқу орындарына түсу тәртібін түсіндірді

МВД РК, Министерство внутренних дел РК, сурет - Zakon.kz жаңалық 14.08.2026 09:16 Фото: Zakon.kz
Ішкі істер министрлігі (ІІМ) талапкерлерді ведомствоға қарасты жоғары оқу орындарына қабылдау тәртібіне қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Министрліктің мәліметінше, Қазақстанда ІІМ-нің жоғары оқу орындарына түсу конкурсына қатысуға мүмкіндік беретін ең төменгі шекті балл – Ұлттық бірыңғай тестілеуден (ҰБТ) 50 балл.

Алайда ведомство бұл көрсеткіш талапкердің оқуға автоматты түрде қабылданатынын білдірмейтінін нақтылады.

"ІІМ-нің оқу орындарына қабылдау конкурстық негізде жүзеге асырылады. Бұл ретте ҰБТ нәтижелерімен қатар медициналық, физиологиялық және психофизиологиялық іріктеу қорытындылары да ескеріледі". ҚР ІІМ баспасөз қызметі

Одан кейін үміткер белгіленген іріктеу кезеңдерінен өтіп, конкурс нәтижесі бойынша жеткілікті балл жинауы қажет.

"Осылайша, ІІМ-нің оқу орнына түскісі келетін талапкердің мақсаты тек 50 балл жинау ғана емес, ҰБТ-да мүмкіндігінше жоғары нәтиже көрсету және белгіленген іріктеу талаптарына сай болу". ҚР ІІМ баспасөз қызметі

2026 жылғы 7 тамызда еліміздегі 75 мың талапкер жоғары оқу орындарында тегін білім алу мүмкіндігіне ие болғаны белгілі болды. Бірнеше күннен кейін, 10 тамызда Ғылым және жоғары білім министрлігі оларға алдағы уақытта қандай қадамдар жасау керектігін түсіндірді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: