Синоптиктер Алматы мен Атырау тұрғындарына ескерту жасады

Смог, загрязнение воздуха, выхлопы, пелена, дымка, смог в Алматы, загрязнение воздуха в Алматы, грязный воздух в Алматы, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.08.2026 09:11 Фото: Zakon.kz/Павел Михеев
Синоптиктер 2026 жылғы 15 тамызда Қазақстанның үш қаласында ауа сапасының нашарлау қаупі бар екенін ескертті, деп хабарлайды Zakon.kz.

15 тамызда Алматы мен Атырау қалаларында, ал түнде Өскеменде қолайсыз метеорологиялық жағдайлар күтіледі. Бұл туралы "Қазгидромет" хабарлады.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар (ҚМЖ) – атмосфераның жерге жақын қабатында зиянды және ластаушы заттардың жиналуына ықпал ететін қысқа мерзімді метеорологиялық факторлардың (желсіздік, әлсіз жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

ҚМЖ кезінде тұрғындарға ашық ауада болу уақытын қысқарту ұсынылады. Әсіресе, автожолдар мен өзге де ластану көздеріне жақын жерлерде ұзақ уақыт жүрмеу керек.

Ал өкпенің созылмалы аурулары, жүрек-қан тамырлары және аллергиялық аурулары бар адамдар далаға шыққан кезде қажетті дәрі-дәрмектерін өзімен бірге алып жүргені жөн.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: