Алматыда жатақханадан орын таппаған студенттер қайда жүгіне алады
Фото: akorda.kz
Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек 2026 жылғы 18 тамызда өткен Үкімет отырысында студенттік жатақханалардағы орын тапшылығы туралы айтты, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.
Министрдің мәліметінше, Алматыда жатақхана тапшылығы әлі де сақталып отыр. Қазіргі уақытта қалада 5176 орын жетіспейді. Студенттер баспана мәселесіне тап болған жағдайда оларды уақытша орналастыру үшін дағдарыс орталығы жұмыс істейді.
"Орталық М.Тынышпаев атындағы ALT University базасында ұйымдастырылған. Мұнда 50 орын қарастырылған. Өткен жылы дағдарыс орталығына 55 студент уақытша орналастырылып, кейін олар тұрақты жатақханаларға ауыстырылды", – деп түсіндірді Саясат Нұрбек.
Биыл Алматыда Халықаралық білім беру корпорациясының 339 орындық заманауи жатақханасы пайдалануға берілді.
Қазіргі уақытта тағы жеті жатақхананы пайдалануға беру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жыл соңына дейін қосымша 11 жатақхананы іске қосу жоспарланған.
Бұған дейін, 2026 жылғы 14 тамызда Қазақстанда мемлекеттік грантпен білім алған кейбір азаматтардың міндетті жұмыс өтеу тәртібі өзгергені хабарланған еді.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript